basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

“ЖАСТАРМЕН – БІР ТОЛҚЫНДА”: БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР  БАС ҚОСТЫ

Қаңтар 16, 2025
in Жаңалықтар
0
“ЖАСТАРМЕН – БІР ТОЛҚЫНДА”: БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР  БАС ҚОСТЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда “Жастармен – бір толқында” атты аудан, қаланың белсенді жастарының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – жастардың өзін-өзі басқару және көшбасшылық қасиеттерін дамыту, өз қабілеттерін дамытуға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға мотивация беру және табысқа жету жолында кездесетін кедергілерді қалай жеңуге болатынын үйрету. Сонымен қатар, өмірлік мақсаттарын анықтауға көмектесу және өз әлеуеттерін толық ашуға түрткі болу, армандарына жетуге деген сенімін арттыру көзделеді.

Жастармен өткен кездесуде Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің “БАҚ пен қоғаммен байланыс” бөлімінің басшысы Ақтөре Мейіржанұлы модераторлық етті.

Кездесу спикерлері “Daryn.online” платформасының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Бәйдібек Нұрланұлы, Түркістан облысы “Jastar Ruhy” жастар қанатының төрағасы Жансерік Бауыржанұлы, Түркістан облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы, Республикалық “Жас сарбаз” әскери қозғалысының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Аружан Мақсатқызы өздерінің мазмұнды ойларымен, кәсіпкерлік пен қызмет жолындағы жетістіктерімен, жастарға қажетті пайдалы ақпараттары, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, кездесу барысында жастарға арналған мемлекеттік жұмыспен қамту бағдардамалары, “Бастау-Бизнес”, “Тәуелсіздік ұрпақтары”, “Best startup”, “Zhas project” секілді қайтарымсыз гранттар туралы, сондай-ақ, “Серпін” бағдарламасы жайлы «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің басшысы Дінислам Нартайұлы мәлімет берсе, облыстық жастар орталығы тарапынан жыл бойына атқарылған жұмыстар, түрлі жобалар жөнінде «Талантты жастарды қолдау» бөлімінің басшысы Бағлан Бердібекұлы таныстырды.

Еркін форматта өткізілген кездесуде жастар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша спикерлерге сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Кездесу соңында Бәйдібек Нұрланұлы өңіріміздің жастарына Момбек Әбдіәкімұлының “Күн тұтылған мезет” атты кітабының 1-2 томын сыйға тартты. Сонымен қатар Түркістан облысына қарасты аудан, қаланың мектеп бітіруші түлектеріне, яғни 50 оқушыға «Daryn.online» платформасының ҰБТ-ға дайындық курстарын тағайындау жоспарда бар екендігін жеткізді.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ЖАРЫСА ЖҮГІРІП ҚОҚЫС ЖИНАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА КӨМЕКТЕСТІ  

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі