basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА КӨМЕКТЕСТІ  

Қаңтар 16, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА КӨМЕКТЕСТІ  
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу және алдын алу мақсатында жергілікті полиция қызметкерлері еріктілермен бірге бірлескен профилактикалық іс-шарагы жүзеге асырады.

Сөйтіп еріктілер жастар мен жасөспірімдердің шоғырлану орындарын тексеруге бағытталған 100-ден астам рейдтік іс-шараларға қатысты.

Іс-шаралар барысында төрт жүзден аса жасөспірім әкімшілік құқық бұзушылық үшін полицияға жеткізілді, оның ішінде түнгі қараусыз қалғаны үшін – 402, алкоголь ішкені үшін – 14, темекі мен темекі өнімдерін пайдаланғаны үшін – 12 кәмелетке толмаған бар. Жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар кезінде 25 жағдайда спирттік ішімдіктерді пайдаланудың жолы кесілді.

Сонымен қатар, еріктілер үйден немесе білім беру ұйымдарынан кетіп, жоғалған кәмелетке толмағандарды іздеу шараларына белсенді қатысады.  Жыл басынан бері еріктілердің көмегімен жиырмадан аса жасөспірімнің орналасқан жері анықталды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен бірлесіп 350-ден астам дәрістер мен ақпараттық-түсіндіру әңгімелері өткізілді.

– Қоғамдық тәртіпті қорғауға бей-жай қарамайтын азаматтарды тарта отырып, полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін нығайтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және жасалған құқық бұзушылықтарға халық арасында «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыруға септігін тигізді, – дейді қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Әдрахман Тоқбергенов.

Түркістан қалалық полиция басқармасы, еріктілерге, жасөспірімдер қылмысына қарсы күрестегі белсенді азаматтық ұстанымы, бастамашылығымен қала тұрғындарын өңірдегі құқықтық тәртіпті сақтауға үлгі көрсете білгені үшін алғыс білдірді.

 

Previous Post

“ЖАСТАРМЕН - БІР ТОЛҚЫНДА”: БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР  БАС ҚОСТЫ

Next Post

ЖАСТАР ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі