basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ҚЫЛМЫССЫЗ БОЛАШАҚҚА БІР ҚАДАМ» ШАРАСЫ ӨТТІ

Қаңтар 17, 2025
in Жаңалықтар
0
«ҚЫЛМЫССЫЗ БОЛАШАҚҚА БІР ҚАДАМ» ШАРАСЫ ӨТТІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы округінде жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қылмыссыз болашаққа бір қадам» тақырыбы аясында аудандық прокуратура, АПБ-і мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесе отырып түнгі рейдтік іс-шара жүргізілді.

Түнгі рейд барысында Қазығұрт ауылы округінде түнгі уақытта жүрген 6 жас анықталып, оларға «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442 бабының, 2 бөлігіне сәйкес кәмелет жасқа жетпеген балалардың ата-анасыз баспанадан тыс жерде түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін жалғыз жүруіне болмайтыны» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, беймезгіл уақытта ата-ана бақылауынсыз үй-жайынан тыс жерлерде компьютерлік ойынханалар мен мейрамханада болуларына тыйым салу,

кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі бұйымдары мен спирттік ішімдік сататын кәсіпкерлік нысандарға тосқауыл қою мақсатында кезекті күндізгі түнгі рейдік жұмыстар атқарылуда.

Жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылықтар мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алуға және болдырмауға, олардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара аудан көлемінде бекітілген кестеге сәйкес жалғасатынын хабарлаймыз!

Құрметті ата-ана! Өз балаңыздың өміріне өзіңіз жауапты екеніңізді ұмытпаңыз! Сондықтан әрбір ата-ананың назарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты айналысу қажет екендігін ескертеміз.

Жастар – ілгері дамудың негізгі қозғау­шы күші, еліміздің дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, еліміздің салтын, дәстүрін келер болашаққа жеткізуші көпір. Көпірдің нық салынуы – оған бөлінген қаржы мен са­паға байланысты. Жастардың білім алуы мен іс бастауына қаншалықты мүмкіндігі көп болса, ол соншалықты нық болатыны анық. Болашақтың көпірі, біз, жастар, бар берілген мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, артылған сенімді жауапкершілікпен сезініп, аманат елді болашаққа жеткізу.

Әрине барша жасты сапалы білім беру жүйесі, қолжетімді жоғары білім, қо­лына диплом алған жас мамандарды жұмыспен қамту, жас отбасыларды тұрғын үй мәселесі сияқты сұрақтар толған­дырады. Бүгінде әр жас азамат қоғамда өз орнын тауып кету үшін тырмысып жүр­генінің куәсіміз. Кешегі жастар форумында Қазақстан Республикасы Президентінің ірі қалалардағы жас от­басылардың тұрғын үй проблема­лары, еңбек нарығына шығатын жастардың санын арттыру, жаңғыртылған 200 оқу орнының базасында сұранысқа ие 100 индустриялық және қызмет көрсету мамандықтары бо­йынша кадрлар даярлау, қашықтан оқыту мүмкіндігін жоғарылату, отбасы институтын қалыптастыру сынды көтерген мәселелері мен Үкіметке берген тапсырмалары қазақ жастарының жүректеріне үміт отын сыйлады. Үміт отын ғана сыйлап қойған жоқ. «Бұлақ көрсең – көзін аш» дейді дана қазақ. Бұлақтың көзінің ашылуына үлкен септігі болған бұл форумда жастар үшін маңызды мәселелер талқыланды.

Тарихын білмеген елдің болашақты болжай алмайтындығы мәлім.

 

Previous Post

ЖАСТАР ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЬЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАУ БАСТАЛДЫ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі