Келес ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің Ұшқын ауылының жастар ісі бойынша инспекторының ұйымдастыруымен “Спорт бізді біріктіреді” атты тақырыпта ұлдар арасында волейбол жарысы өтті.
Ойынның негізгі мақсаты Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, аудан жастарының достық қарым-қатынасын нығайту. Спорттық командалық ойындарға жастардың қызығушылығын арттыру болып саналады.
Жалпы жарысқа 16 команда қатысты. Ойын көркін қыздырған әрбір ойыншы волейбол спортына деген қызығушылықтарының жоғары екендігін дәлелдеді. Жеңімпаздар арнайы кубоктар мен медаль, және сыйлықтармен мараптталды.
Нәтижесінде жүлделі:
ІІІ-орын: №20 Т.Бердияров мектебінің командасы жайғасты,
ІІ-орын: 1994 жылғы командасы иеленсе,
І-орын: 1985 жылғы командасы қоржына байлады.
Ernar Bektaev
Даурен Нурланович Сариев
Айбек Ташкенбай
Нурдаулет Турумбетов
Былтыр Жастар орталығына арналған нысан пайдалануға берілген еді. Аталған нысан жергілікті бюджет есебінен бой көтерді. Сәулеті мен салтанаты келіскен ғимарат тәулігіне 100-ден аса жасқа қызмет көрсетеді. Онда жастарға білімін көтеріп, салауатты өмір салтын ұстануға, шығармашылықпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Орталық арнайы демалыс аймағы, стрит-воркаут алаңы, электронды кітапхана бөлмесі, үйірмелерге арналған бөлмелер, шағын спортзал және көпфункционалды залдарымен қамтамасыз етілген. Еріктілерге арнайы үлкен зал мен кинотеатр да қарастырылған. Одан бөлек, орталық жанынан амфитеатрдың құрылыс жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 14-35 жас аралығында 71 486 жас бар. Қаладағы 2 жоғарғы оқу орында 12 265 студент білім алып жатыр. 8 орта арнаулы оқу орындарында студенттер саны – 7441. Түркістан қаласы бойынша жалпы орта мектептерде 7-11 сыныптарда 18 844 оқушы білім алуда.