Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында теннис үйрімесі жұмыс жасауда.
Үстел теннисі – әлемде кең тараған спорт түрі. Шапшаңдық пен ептілікті қажет ететін үстел теннисі 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада ойындары бағдарламасына енген. Ал Паралимпиадалық ойындарға 1960 жылы-ақ кіргізілген еді. Қазақстан үстел теннис федерациясы 1993 жылы құрылды.
Үстел теннисі (Пинг-понг) – белгілі ғимарат ішінде, арнайы ойын үстелінде арнайы ракеткамен ойналатын, шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі. Егер қарсылас арнайы допты үстелден тыс жерге асырса немесе сіздің алаңыңызға түсіре алмай допты ракеткамен торға ұрса сіз арнайы ережелер бойынша ұпай ала аласыз. Ойыншылардың бірі қателескенше шарды тез екі жаққа ұра береді. Қателескен ойыншы ұпай жоғалтады. Кәдуілгі қателер: шар тордан өтпей қалады; ойыншы шарды ракеткамен соға алмай, мүлт кетеді; соққан шары столдың қарсылас жақ бетіне тимей кетеді; шарды столға тимей тұрып соғып жібереді.
Өткен жылы Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты «Оқушылар сарайы» 6 және 12 жастағы балалар үшін жазғы тегін лагерін ұйымдастырды.
Лагерь ағымдағы жылдың 10 маусымнан басталды. Балалар «Оқушылар сарайындағы» 60-қа жуық үйірмеге тегін қатысады.
Қазіргі таңда 20 бала лагерьге тегін қатысуда. Лагерь таңғы 9:00-ден түскі 13:00-ге дейін жұмыс жүргізеді.
Кез-келген ата-ана Оқушылар сарайына келіп балаларын өздері қалаған тегін үйірмеген бере алады.
Ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі қағидалардың бірі – баланың уақытын тиімді пайдалану. Білім көкжиегін кеңейтіп, бойындағы жаңа дарынды танып білу.
Айта кетейік, Оқушылар сарайында жас жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамытып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына барлық мүмкіндік жасалған. Мұнда Технопарк, «Sana» IT орталығы, Өнер орталығы (кескіндеме, қолөнер, зергерлік өнер, мүсін және керамика, былғары жұмыстары, суретші), Тіл үйрету орталығы (5 шет тілі), Ғылым орталығы (Республикалық физика-математика мектебіне, Білім инновация лицейіне, Назарбаев зияткерлік мектебіне, Дарын мектептеріне түсу үшін оқушыларды дайындайды). Шығармашылық орталығы (вокал, актерлік өнер, сатира өнері, би, дәстүрлі ән, аспаптарда орындау), шахмат, балалар тележурналистикасы, анимация, фото-бейне түсірілімдерді монтаждау барлығы 60-қа жуық үйірме жұмыс істейді.