basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

“МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН!” тақырыбында оқушылармен кездесу өткізілді

Қаңтар 21, 2025
in Жаңалықтар
0
“МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН!” тақырыбында оқушылармен кездесу өткізілді
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұрпақ тәрбиесі – қай заманда болмасын қоғам назарынан тыс қалған емес. Мемлекеттің тұтқасын сенімді қолға тапсырып, болашаққа нық қадам баса алатын бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіру, білікті маман дайындау ісі баршаға ортақ міндет екендігі даусыз.

Десек те, бүгінгі көз ілеспес жылдамдықпен дамып отырған технологиялар заманында ғаламторға деген тәуелділік пен идеологиялық айқас дәуірінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты түйіні тарқатылмай отырған мәселелер де жоқ емес. Солардың бірі – оң мен солын, жақсы мен жаманды толық ажыратып үлгермеген жастар арасындағы аутодеструктивті әрекет.

«Аутодеструктив» сөзі латын тілінен аударғанда «қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы» деген мағына береді. Аты айтып тұрғандай аутодеструктивті мінез-құлық тұлғаның қалыпты дамуына, оның психологиясына кері әсер етеді. Бүгінгі жастар арасында мұндай дерттің кеңінен қанат жаюы, әрине, алаңдатарлық жағдай.

Міне, осы бір келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жетісай ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелерінің қатысуымен Жылы су ауылдық округінде орналасқан “№26 жалпы білім беретін мектептің” жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Басқосуға сервситік полиция мүшесі Г.Дәулетиярова, “Имам Бухари” мешітінің имамы Нұрқазы Нәлібаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ психологы Жазира Қайратқызы қатысып, оқушылармен ашық сұхбат жүргізді.

Сұхбаттасу барысында орталық психологы жастық кезеңнің адамның тұлға ретіндегі қалыптасуына әсер ететін маңызды фактор екендігі, бұл кезеңде жастардың жанының нәзік, уайымға, кез-келген сәтсіздікке тез берілгіш болатындығы, жеткіншектік шақта адамның қалыптасуы сана-сезімінің дамуындағы өзгеріспен анықталатындығын айтып, сауалнама жүргізді.

Кездесуде “Имам Бухари” мешітінің имамы Нұрқазы Нәлібаев «Жас жеткіншек үшін бірінші кезектегі міндет – білім алу. Ислам діні білімді насихаттайды. Білім алу, игерген ғылымын еліміздің дамуына арнау – аса сауапты және абыройлы іс. Еліміздің нұрлы болашағы жастарымыздың игерген сапалы біліміне тікелей байланысты. Сондықтан ғылым игеруге талаптану керек» деп атап өтіп, нақты мысалдар келтірді. Сондай-ақ жастар арасындағы түрлі мәселелер тһңірегінде исламнан тәлім-тәрбиелік маңызы зор, тағылымды ғибрат айтты.

Сонымен қатар жастар орталығының психологы Жазира Қайратқызы жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық, әлімжеттік, бопсалау, ерте жүктілік пен жыныстық тиіспеушілік, суицид сынды өзекті мәселелерді түсіндірді және жауапкершіліктерін ұғындырды. Бүгінгі қоғамдағы сананы сансыратып, миды улайтын лудомания мәселелері, интернет алаяқтық және батыстың атыс-шабыс фильмдері мен қантөгістен тұратын интернет-ойындар жайлы ой-пікірлері тыңдалып, көзқарастары талқыланды.

Семинар соңында оқушылар арасында психологиялық тренинг өткізіліп, кездесу барысында айтылған мәселелер бойынша кері байланыс алынды.

 

Previous Post

Түркістан облысынан келген жұмысшы топ Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы университетте болды

Next Post

НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі