basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мемлекеттік бағдарлама — қолайлы мүмкіндік: Жастарға түсіндірме жұмысы жүргізілді

Қаңтар 21, 2025
in Жаңалықтар
0
Мемлекеттік бағдарлама — қолайлы мүмкіндік: Жастарға түсіндірме жұмысы жүргізілді
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

“Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің мамандары «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Бастау-Бизнес», “Дипломмен ауылға” жөнінде ақпараттар беруді жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар, іс-шара кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5% несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар тарқатылды.

Аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында жастар көп шоғырланатын орындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы үнпарақтарын тарқатты.

Іс-шараның мақсаты — жастарды мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беріп және жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындау туралы ақпарат беру болып табылады.

Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Жастарды еңбекпен қамтитын түрлі шаралар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарға қолайлы мүмкіндіктер алаңы ашылуда. Білім алып, белгілі бір маман иесі атанған және өз кәсібін ашып шаруасын ілгері жылжытуға ниеттенген жастар үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстары мол болмақ.

Ал Арыс қаласы «Білім бөлімі» ММ-не қарасты Байырқұм ауылдық округі Көкжиде елді мекеніндегі «Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» КММ-нің 11 сынып оқушыларына «Серпін- 2050» мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді.

Бағдарламаның мақсаты — «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес дамыған 30 елдің қатарында қосылу үшін, білікті мамандар даярлау, халық көп шоғырланған Оңтүстік аумағының жастарын Солтүстік өңірлердің жергілікті оқу орындарына орналастыру, кадр мәселесін шешу, қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми — техникалық әлеуетті дамыту және жұмысқа орналастыру болып табылады.

Кездесу барысында жастар тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауап берілді.

Анықтама үшін:

«Серпін — 2050» «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылдан бастап жұмыс істейді.

Бағдарлама мақсаты — халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарлама бірінші жылы педагогикалық мамандықтар бойынша іске асқан, кейіннен оның аясы кеңейіп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарын қамтып отыр.

«Серпін» бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды.

Жоба аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары өндіріс орындары дамыған, жұмысшы күшіне қажеттілік қалыптасып отырған Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды өңірлерінің жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тегін білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

Серпін жобасына Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облысы, Жамбыл, Алматы облыстарының жастары қатыса алады.

ЖОО-на түсу үшін түлектер ҰБТ немесе кешенді тестілеуге қатысуы тиіс. ҰБТ мен кешенді тестілеуден кем дегенде, 50 баллдан кем емес және де таңдау пәнінің ұпайы кем дегенде 7 баллдан төмен болмауы тиіс. Ал, колледждер үшін ҰБТ және кешенді тестілеу тапсыру шарты жоқ. Колледждерге түлектер конкурс арқылы түсе алады.

 

Previous Post

Түркістан облысы бойынша Өкіл имам арнайы іс сапармен Мақтаарал ауданына атбасын тіреді

Next Post

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: ЖАСТАР АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі