basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы жастарға арналған маңызды іс-шараларды жалғастыруда!

Қаңтар 23, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы жастарға арналған маңызды іс-шараларды жалғастыруда!
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

21-24 қаңтар 2025 жыл аралығында:
• Мемлекеттік бағдарламалар, «Серпін – 2050», «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, сонымен қатар “Отбасы банк” жастарға арналған тұрғын-үй бағдарламалары туралы тікелей эфирлер өтті.  Әр эфирде білім мен баспана алу, жұмысқа орналасу жөніндегі маңызды ақпараттар берілді.

«Серпін» бағдарламасы елімізде 2014 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатыр. Сол жылдан бері Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтына Түркістан облысы бойынша түлектерді шақырумен айналысып келемін. Бұл бағдарламаның тиімді жақтары өте көп. Осы бағдарлама арқылы түлектер солтүстік аймақтардағы жоғары оқу орындарында арнайы грантпен оқи алады. Біздің Арқалық педагогикалық институты тек қана педагог мамандарды дайындайтын оқу орны болғандықтан біздің түлектерімізге сұраныс өте көп. Жастар оқыған өңірлерде қоныстап қалған жағдайда толық жұмысқа орналаса алады. Соның ішінде Астана қаласында жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері жоғары. Сондай-ақ, бұл бағдарламада түлектер жалпы конкурсқа түспейді, себебі «Серпін» бағдарламасына бөлінген гранттарға жеке конкурс ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті өкілдері мен аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары бірлесе отырып, бітіруші түлектерге «Серпін-2050» бағдарламасының маңыздылығын және тиімділігін түсіндіріп, ашық форматта әңгімелесті.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің ұйымдастыруымен өңіріміздегі Сауран, Сайрам, Төлеби, Бәйдібек аудандарының мектеп түлектеріне «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы насихатталған болатын.

Алдағы уақытта «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша басқа да аудан, қалаларда түсіндірме жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.

Бұл бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған. Биыл бағдарлама шеңберінде елімізде 2022-2023 оқу жылына 3653 грант бөлінген еді. Оған Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының түлектері қатыса алады. Ал гранттар Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облысы облыстарында орналасқан университеттерге бөлінген. Гранттар білім, техникалық ғылым, ауыл шаруашылығы мен медицина саласын қамтиды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жасаған сапарында: «Биыл «Серпін» бағдарламасы бойынша жастарға арнап 3700-ге жуық грант бөлінді. Оның 800-ден астамын түркістандықтар иеленді» деген болатын. Аталған бағдарлама биыл да жалғасып жатыр. Таяуда Келес ауданының мектеп бітіруші түлектеріне «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы насихатталды.

Previous Post

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ - ЖАСТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Next Post

Түркістан: Сайрамда жастарды әскери-патриоттық тәрбиеге үндейтін кездесу ұйымдастырылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі