basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Сайрамда жастарды әскери-патриоттық тәрбиеге үндейтін кездесу ұйымдастырылды

Қаңтар 23, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Сайрамда жастарды әскери-патриоттық тәрбиеге үндейтін кездесу ұйымдастырылды
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Қазіргі таңда елімізде Тәуелсіздік пен бейбітшіліктің құндылығын ұғыну маңызды. Бұл тұрғыда ардагерлердің үлесі зор. Олар өткеннің ауыр да, ауыртпалықты кезеңдерін бастан өткеріп, Отанды қорғаудағы ерліктерін әрдайым мақтанышпен еске алады. Осы орайда, ауданымыздың білім ошақтарында ардагерлердің қатысуымен өтетін «Ерлік сабағы» жасөспірімдерді тәрбиелеуде ерекше маңызға ие. Мұндай сабақтар оқушылардың туған еліне, жеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылуда.
Таяуда Таулы Қарабақ ұрыс қимылдарының ардагерлері №74 жалпы білім беретін мектебінің жастарымен кездесті.
Келелі кездесу аудандық Жастар Ресурстық Орталығы және «Таулы Қарабах ұрыс қимылдары ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігі» Сайрам ауданы филиалының бірлескен жоспары негізінде өтті.
Мұндағы басты мақсат – жастарға патриоттық тәрбие беру, олардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ еліміздің мәдениеті мен тарихына деген құрметті қалыптастыру.
Басқосуға зұлматты жылдардың шежіресі ретінде сақталған Таулы Қарабах соғысының ардагерлері қатысып, өздерінің майдандағы ерліктері мен қиындықтары туралы әңгімеледі. Олар жастарды Отанға деген адал қызмет етуге, елімізді қорғауға шақырды. Өздерінің жанқиярлық ерліктері мен соғыстың ауыр сәттерін еске алды. Ардагерлердің жауынгерлік жолы, сондай-ақ майданда қаза тапқан достарының есімдері мен ерліктері жастарға терең әсер қалдырды.
Іс-шара барысында сөз алған «Таулы Қарабах ұрыс қимылдары ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі» Сайрам ауданы филиалының төрағасы Бахтияр Батаев: «Құрметті оқушылар, алдымен сіздермен бүгін кездесіп, өзіміздің өткеніміз туралы әңгімелескенімізге қуаныштымыз. Отан алдындағы борышымызды өтеу кезінде біз тек жаудан қорғанып қана қоймай, Таулы Қарабахтағы бейбіт тұрғындар мен қарияларды және қорғансыз аналар мен жас балаларды қорғадық. Бұл оңай болмады. Біз қиын сәттерде бір-бірімізге қолдау көрсеттік. Сын сағаттарда сағымызды сындырмадық. Соғыстың барлық қасіреті мен ауыртпалықтарын тек қасындағы серігіңмен бөлісіп қана жеңуге болады. Мен жастарға бір нәрсені түсіндіруім керек: ешқандай соғыс оңай болмайды, бірақ әрқашан ұмытпаңыздар, бейбітшілік – ең үлкен байлық. Бейбіт өмірде өз еліңізге қызмет ету, оны дамыту – ең үлкен ерлік. Біз, ардагерлер, осыны сіздерге айтып, үлгі болу үшін келіп отырмыз. Сіздер – болашақ ұрпақсыздар. Сіздерге еліміздің тарихын білу, оны құрметтеу, осы жердің тыныштығы мен бейбітшілігін сақтау жолында өздеріңіздің үлестеріңізді қосу міндеті жүктеледі. Ерлік – тек соғыс алаңында ғана емес, өмірдің әр саласында көрсетіледі. Өз отбасыларыңызға, отанымызға адал болыңыздар, әділ болыңыздар. Сонда сіздер де ерлік жасап, тарихта өз іздеріңізді қалдыра аласыздар», – деп жасөспірімдерді жігерлендірді.
«Тарихымызды ұмытпай, құрметтеп, болашаққа деген сеніммен алға ұмтылыңыздар. Отанға қызмет ету – ең үлкен абырой!- деп сөзін қорытындылап, оқушыларды алдағы күндері аудан әкімі Арман Сабитов бекіткен жоспарға сай өтетін «Жас сарбаз» әскери және спорттық сайысына белсене қатысуға шақырды.
Оқушылар ардагерлерге сұрақтар қойып, олардың өмір жолын қызыға тыңдады. Ардагерлер бейбіт өмірдің құндылығын түсініп, ел қорғаудың маңыздылығын ұмытпау керектігін атап өтті. Олардың сөздері жас ұрпақтың жүрегіне ерекше әсер етіп, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал жасады.
Previous Post

Түркістан облысы жастарға арналған маңызды іс-шараларды жалғастыруда!

Next Post

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ ЖАСТАРЫНА ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АРБАУЫНАН САҚТАНДЫРУ ЖОЛЫ АЙТЫЛДЫ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі