Сайрам аудандық Ішкі Саясат Бөлімі дін мәселелері жөніндегі секторының бас маманы Молдияр Бахтиярұлының қатысуымен Сайрам ауданы «Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде» білім алатын студенттер мен ұстаздар арасында діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын парақшалардан сақтану жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – аудан жастары арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы келешек буынның діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады.
Кездесу барысында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, тақырыпқа байланысты ой-пікірлер ортаға салынып, тиісті жауаптар берілді.
Кездесу білім алушылар мен теолог маман арасында диалог түрінде өтті. Дінтанушы-теолог маман ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігіне тоқталып өтті. Дәстүрлі емес діни ағымдар, олардың себептері мен зардаптары жөнінде сөз қозғалды. Теолог маманы жастарға діни және зайырлы білімді қатар алудың жолдарын түсіндіріп, қайсысы маңыздырақ екеніне тоқталып өтті және дәстүрлі діндердің ерекшелігі, интернет желсіндегі қауіпсіздік және т.б. мәселелер қарастырылып, оқушылар тарапынан қойылған сүрақтарға жауап берді.
Қазіргі таңда NEET санатындағы 58 510 жас бойынша мәліметтер «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіне енгізілді. Жастарды келеңсіз жағдайдан қорғау мақсатында психо-профилактикалық шаралар, ыстық нүкте бойынша психопрофилактикалық шаралар тұрақты түрде өткізіліп, жастарға жеке мәселе бойынша психологиялық көмек көрсетілген. Бұдан бөлек ауылдар мен елді мекендерде де рейдтік және республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі іс-шаралар ұйымдастырылған. Өңірде әскерге шақырушылар саны артып келеді. Облыс бойынша 122 волонтерлық ұйым жұмыс істейді, оған 8 366 белсенді жас мүше.
Жастар – қоғамның үлкен қозғаушы күші, мемлекеттің дамуына серпін беретін қоғамның бір бөлігі. Сондықтан жастар мәселесі мемлекеттің басты назарында. Оларға мемлекет тарапынан көрсетілер қолдау да ерекше. Біршама уақыт бұрын елімізде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» тұжырымдама бекітілген болатын. Осы заңнамалық құжат бүгінде жастар мәселесін шешетін негізгі құжат болып, қызмет етіп келеді.
Қалалық және облыстық жастар ресурстық орталықтарының жұмысы тікелей жастарға кеңес беріп, көмек көрсетуге арналған. Онда жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар және бос жұмыс орындары жайында ақпараттар алуға болады. Сондай-ақ,жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру мүмкіндігі де қарастырылған.