Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың бастамасымен ауданда 14 тен 35-ке дейінгі жастарды ағылшын тіліне үйретуге арналған курстар іске қосылуда.
Қазіргі таңда аудан әкімдігі ғимаратында 23 жас мемлекеттік қызметші ағылшын тілінен дәріс алуда.
Аудан жастары арасында көптілдікті меңгеруге бағытталған оқу курсы аптасына 2 рет 2 ай көлемінде өтеді.
Ауданның тұмса табиғатын шетелдік туристтерге дәріптеп, тарихы жөнінде баяндауға жастарды үйретуге арналған оқу курсы аудандық «Жастар ресурстық орталығында» жыл көлемінде жалғасын табады деп жоспарлануда.
Жастарға арналған тегін базалық ағылшын тілін үйрену курсының сабақтары 2 (екі) ай көлемінде аптасына 3 рет 1,5 сағаттан өтеді. Курсқа қатысушылар ағылшын тілінің «Elementary» және «Beginner» деңгейлері бойынша оқытудан өтеді.
Жасы 14 тен 35 ке дейінгі жастарды Жастар ресурстық орталығы арқылы тегін ағылшын тілінен тәлім алып, үйренуге шақырады.
Еске салсақ, 2020 жылы Түркістан қаласында жастарға шет тілін үйретуге арналан «OPEN ENGLISH» жобасы бастау алған болатын. Қоғамдық даму басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығы қолға алған бұл жобаның барысында жастарға ағылшын тілін тегін үйренуге мүмкіндік туған еді. Тіл үйрететін ұстаздар да ерікті түрде жұмыс істейді. «Жастар — біздің болашағымыз. Жақсы маман болып қалыптасуы үшін қолдау көрсетіп, кең көлемде жағдай жасауымыз керек. Ол үшін шет тілін білудің маңызы зор. Еріктілер жылындағы «Білім» жобасы аясында жастарға ағылшын тілін үйретіп, компьютерлік сауаттылықты жетілдіруге көмектесу мәселелеріне назар аударып, соған мүмкіндік жасап отырмыз», – дейді мамандар. Бұл істе білікті мамандардың болғаны жөн. Солардың бірі оқытушы Әлімжан Бекболатов Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің магистранты. «Ағылшын тілі» мамандығын меңгеріп, кейіннен Еуропада, Америкада білімін жетілдіріп, тәжірибе жинақтап келген белгілі маман. Қазіргі таңда әлемде ағылшын тілін үйрену қарым-қатынас, танымды, өзін-өзі дамыту және өзге мәдениетке толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру құралы ретінде аса қажет.
Тілдік курс тіл грамматикасының барлық деңгейлеріне үйрету, сөздік қорын айтарлықтай кеңейту, ұсыныстарды сауатты құрастыруға үйрету, ағылшын тілінің негізін толық зерттеу сынды мүмкіндіктерді қамтиды.