Кентау қаласында жас кәсіпкер Ройнтан Жапаров 2019 жылдан бері өз ауласында саңырауқұлақ өсірумен айналысады. Оны төрт мезгілдеде өндіру әдістерін қолданады. Өз ауласындағы жертөлеге жайғастырып, онда тиянақты күтіммен қарайды. Онда «Вешенка» деген сорты ғана өсіріледі.
«Алғашқыда қызығушылықпен кішкентай бөлшектен өсіруді қолға алдым. Кейін өнімі өтімді болғасын ұлғайтуды қолға алдым. Қазіргі таңда бірқатар мейрамхана мен тамақ өндіру орындарына жіберіп отырамын. Тіпті, көрші қалалардан да тапсырыс беретіндер бар» дейді жас кәсіпкер.
Осы кәсібін ұлғайтуға мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алған. Ерекше әдіс-тәсілдермен өсіріп отырған өнімдерінен айына 500-700 келі саңырауқұлақ алады. Ұрықтарын Алматы қаласындағы арнайы ғылыми орталықтардан алдыртады.
Бұл саңырауқұлақтарды сатып қана қоймай, арнайы ыдыстарға тұздап, маринадтап сатуды қолға алған. Отбасылық кәсіп көзіне айналдырған Ройнтанның жалпы мамандығы программист. Бұл кәсіпке тек хобби ретінде қарап келген. СОнымен қатар Кентау қаласында ерекше кәсіп иесі тұрады. Ол – Жаңабек Фариза Мықтыбекқызы. Мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, бүгінгі таңда сағат, кескіндеме бұйымдарын шығаруды. Ерекше бұйымдарды эпоксидті шайыр өнімін қолдану арқылы жасайды.
Фариза Мықтыбекқызы бұл кәсіп түрін Дана Тұрарбектің курстарына қатысып, «ResinArt» техникасымен жұмыс жасауды игеріп шыққан. Бүгін де кәсіпкер шеберхананы жалға алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.
Кәсіп бастағанына көп болмаса да, өнімдеріне жергілікті тұрғындар тарапынан тапсырыстар аз емес. Эпоксидті шайыр өнімінің кебуіне байланысты, аптасына екі, үш тапсырыс қабылдауда. Аталмыш кәсіп түрімен айнылысатын шеберлер қазіргі таңда қаламызда саны артып келеді.
« Бұл кәсіп түрін таңдағаным ерекше болғандықтан және енді дамып жатқандықтан сұраныс көбірек. Бүл іс көпшілікке қызық, сол үшін үйренуге ниетті жандар көп. Бірақ бұл іс оңай көрінгенімен үлкен еңбекті талап етеді» – дейді жас кәсіпкер.