Келес ауданының прокуратурасының ұйымдастыруымен жастар арасында құқықбұзушылықтың, ерте жүктілік, суицид, тәуелділіктің, теріс діни ағымдардың алдын алу бойынша аудан көлемінде құрылған ақпараттық-насихаттық топтың түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Құқық қорғау органының негізгі қызметі – кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әректтер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде құқықтық тәлім –тәрбие беру.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасының басты қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген.
Сондықтан Қазақстан Республикасының әр азаматының міндеті- заң талаптарын сақтау, өзге адамдардың құқығын бұзбау, өзіне жүктелген міндеттерін жете біліп орындау болып табылады. Заңды білмеу, оны бұзу-жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа үнемі түсіндіреміз. Бұл ретте, Еңбекші ауданы прокуратурасымен аудан әкімі аппаратының мамандары және аудандық полиция басқармасының инспекторлары бірлесіп, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл көтерін орындарданда және көшеде ата-анасыз жүремеуін қадағалау мақсатында рейдтік іс-шаралар апта сайын жүргізілуде.
Бүгін 17.01.2025 жыл Ұшқын ауылдық округіндегі №20 №21, Ақтөбе ауылдық округіндегі №42 №43 №44, Бірлік ауылдық округіндегі №56 №57 жалпы орта мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтың, теріс діни ағымдардың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара жүргізу үшін іріктеліп алынған 8 жауапты маманнан тұратын 4 жұмысшы топ құрылды (жалпы 32 маман қатысуында), топ құрамы: Аудан прокуратурасының қызметкерлері, ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің қызметкерлері, аудандық маслихат депутаттары, аудандық АПБ қызметкері, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, «Әділ билер» бірлестігінің мүшелері, аудандық ҚМДБ өкілдері , аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері қатысты.
Жұмысшы топ кездесу барысында 7-11 сынып оқушылары, ата-аналары қатысқан кездесуде өз-өзіне қол жұмсау, ерте жүктілік, нашақорлық, тұмыстық зорлық-зомбылық, керағар діни ағымдар, сабақтан себепсіз қалмау тақырыптарында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2024 жылдың 12 айында мағыналас жұмыстардың нәтижесінде аудан бойынша кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған қылмыстар деңгейін азайтуға қол жеткізілген.
Атап айтқанда, аудан бойынша кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау арқылы оқталғандар – 50,0% (4-ден 2-ке), аяқталғандар – 75% (4-тен 1-ге) төмендеген.
Аталған іс-шара алдағы уақытта жалғасын табатын болады.