basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 41 білім нысанында жөндеу жұмыстары басталды

Мамыр 26, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: 41 білім нысанында жөндеу жұмыстары басталды
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

115 мектеп реновация жобасына енгізілді. Түркістан облысындағы білім ордаларында күрделі жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңі басталды. Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында республика көлемінде 1 300 мектепті жаңғыртудан өткізу тапсырмасы берілген болатын. Осы тапсырма аясында өңірде 115 мектеп реновация жобасына енгізілді. Бұл бастаманы Түркістан облысы әкімі бақылауға алып, қайта жаңғырудан өтетін мектеп тізімі жасақталды. Оқу процессі аяқталысымен, реновациядан өтетін мектептерде дайындық және демонтаж жұмыстары басталды. Қазіргі таңда Отырар, Төлеби, Шардара, Сауран, Қазығұрт, Бәйдібек, Ордабасы аудандары, Түркістан қаласындағы мектептерде сынып бөлмелерін босатып, заттарды қоймаға жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жүргізілетін білім ошақтары білім басқармасы ұсынылған заманауи стандарттарға сай дизайнды қолданады. Реновациялық жұмыстар кезең-кезеңімен 2025 жылдан бастап 2027 жылға дейін жүргізіледі. Биыл 41 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, келер жылы – 38 мектеп, 2027 жылы – 36 білім ордасы қайта жаңғырудан өтеді. Бұл мәселені Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Дәулетұлы күн тәртібінен түсірген емес. Бөлім басшыларын мен мердігілерге нақты тапсырмалар жүктелген. Бастысы оқу процессіне кедергі келтірмей, өз мерзімінде сапалы түрде аяқтау керектігі тапсырылған. Жаңғырту жұмыстарына іліккен білім ошақтарының басым бөлігі — ауылдық жерлердегі, 30-40 жылдан астам уақыт бұрын салынған мектептер. Бұл бастама ауыл мен қала мектептері арасындағы айырмашылықты азайтып, білім алуға тең жағдай жасауға бағытталған. Жөндеу жұмыстары білім сапасын арттыруға, оқушылар мен мұғалімдер үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Сауранға Түркі әлемі муниципалитеттер одағының делегациясы келді

Next Post

Мақтааралда киім тігу фабрикасы іске қосылады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі