basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтааралда киім тігу фабрикасы іске қосылады

Мамыр 26, 2025
in Жаңалықтар
0
Мақтааралда киім тігу фабрикасы іске қосылады
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан өңіріне инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Мақтаарал ауданының өндірістік әлеуеті жаңа деңгейге көтерілуде.

Аудан әкімі Бақыт Асанов жуырда Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы іскерлік ынтымақтастық негізінде құрылған «FANGAO киім тігу» ЖШС-нің өкілі Джу Ян Кун мырзаны ресми қабылдады. Бұл кездесудің басты тақырыбы – Атакент кентінде заманауи киім тігу фабрикасын ашу мәселесі болды.

Аталған кәсіпорын – екі ел арасындағы өндірістік кооперацияның жарқын көрінісі. «FANGAO» компаниясы Атакент кентінен жалпы көлемі 1200 шаршы метрді құрайтын, толық жөндеуден өткен ғимаратта киім тігу фабрикасын іске қосуды жоспарлауда. Бұл жоба аудан экономикасына елеулі серпін беріп қана қоймай, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Фабриканың басты миссиясы – отандық нарыққа заманауи талаптарға сай, жоғары сапалы мектеп формаларын ұсыну. Алғашқы кезеңде Мақтаарал ауданы мен көршілес аудандардың мектеп оқушыларын толықтай отандық өніммен қамту көзделуде. Мұндай бастама ата-аналар үшін де тиімді, себебі сапа мен баға арасындағы тепе-теңдік сақталып, шетелдік өнімдерге тәуелділік азаяды.

Болашақта фабрика өз өнімдерін еліміздің басқа өңірлеріне де ұсынуды жоспарлап отыр.

Жаңа өндіріс орнының іске қосылуы өңір үшін үлкен әлеуметтік маңызға ие. Жоспарға сәйкес, фабрика 200-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады. Бұл – жергілікті тұрғындар үшін табыс көзі ғана емес, кәсіби дамуға, жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін алаң.

Кәсіпорын шеберлікке мән беріп, сапалы кадрлық құрам қалыптастыру мақсатында маусым айының соңынан бастап жұмысқа қабылдау және оқыту кезеңдерін бастамақ. Болашақ қызметкерлер тігін ісінің қыр-сырын үйреніп, арнайы оқыту бағдарламаларынан өтеді. Мұндай әдіс кадрлардың біліктілігін арттырып қана қоймай, өнім сапасының жоғары болуын қамтамасыз етеді.

«FANGAO» компаниясы болашақта өз брендін Қазақстан нарығында ғана емес, шетелдік нарықтарға да шығаруды көздеп отыр. Сұранысқа байланысты мектеп формасынан өзге де киім түрлері – спорттық киімдер, қызметтік униформалар және күнделікті киім үлгілері тігіледі. Бұл компанияның бәсекеге қабілетті, икемді әрі нарық сұранысына жауап беретін өндіріс орнына айналуына сеп болады.

Атакент кентінде ашылғалы отырған бұл фабрика – тек экономикалық жоба ғана емес, әлеуметтік тұрақтылықтың, жергілікті тұрғындарға қамқорлықтың және отандық өндірісті қолдаудың нақты үлгісі. «FANGAO» компаниясының бұл бастамасы – Мақтаарал өңірінің дамуына оң ықпалын тигізіп, Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің өркендеуіне жол ашады деп сеніммен айтуға болады.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: 41 білім нысанында жөндеу жұмыстары басталды

Next Post

«Түркістан облысы мен Корея Республикасы арасындағы экономикалық серіктестік

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі