basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: Білім беру сапасын арттыру жолындағы ауқымды қадамдар

Мамыр 26, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: Білім беру сапасын арттыру жолындағы ауқымды қадамдар
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында соңғы жылдары білім беру саласын дамыту мен мектеп инфрақұрылымын жаңғыртуға баса мән берілуде. Бұл бағытта мемлекеттік бағдарламалар аясында кешенді жұмыстар қолға алынып, жаңа мектептер салынып, ескі ғимараттар жөндеуден өтуде.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 2023–2025 жылдары аралығында 63 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Бұл білім ордалары заман талабына сай жабдықталып, оқушылар мен мұғалімдерге қолайлы жағдай жасалмақ. Жобалық қуаттылығы 49 мың орынды құрайтын бұл мектептерде кітапхана, спорт залы, ІТ және робототехника кабинеттері, қауіпсіздік жүйелері қарастырылған.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміз бойынша 1300 мектепті жаңғыртуды тапсырған болатын. Осыған орай, Түркістан облысында білім беру нысандарын жөндеу және жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жүргізілмек.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірде 115 мектеп жаңғырту жобасына енгізілді. Бұл жұмыстар 2025-2027 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл жұмыстарға 64,3 млрд теңге бөлінуі көзделіп отыр. Мектептердегі жылыту, су тарту, санитарлық тораптар, шатыр, терезе және басқа да инфрақұрылым мәселелері толық шешіледі деп күтілуде.

Биыл 41 мектепті жаңғырту жоспарланып отыр. Оның ішінде, 15 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалса, 26 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев мектептерді жаңғырту жобасы аясында атқарылатын жұмыстарды пысықтады. Жиынға білім басқармасының жауапты мамандары, білім бөлімдері басшылары мен мердегілер мекемелердің өкілдері қатысты. Жұмыстардың сапалы және уақтылы атқаруды тапсырған әкім орынбасары жөндеу жұмыстары жүргізілетін білім ошақтарын толықтай өз қадағалауында ұстайтынын алға тартты.

— Жаңғырту жұмыстары оқу сапасын арттырумен қатар, оқушылардың жайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуына мүмкіндік береді. Бұл — ауылдағы баланың да қаладағы замандасымен тең дәрежеде білім алуына жол ашатын әлеуметтік әділеттіліктің нақты көрінісі. Осыған байланысты бюджеттің әрбір тиынын үнемдеу қажет. Нақты, қажетті жобаларға қолдау көрсетілуде. Мектептерді жаңғырту жобасын жүзеге асыру барысы басты назарда. Оқу жылы басталғанға дейін аяқтау керек деп емес, білім ордалары сапалы қайта жаңғырудан өту керек деп жұмыс жүргізіңіздер. Мердігер мекемелердің басшылары да күнделікті бақылауға алыңыздар, — деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Бұл мектептердің басым бөлігі — 30-40 жылдан астам уақыт бұрын салынған ауыл мектептері. Жөндеу жұмыстарына тек ғимараттар ғана емес, асханалар, кітапханалар, спорт залдар, пән кабинеттері мен сынып бөлмелері толық жабдықталып, қауіпсіздік жүйесі мен жиһаздармен қамтамасыз етіледі.

Күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 26 мектептің 6-ның қаржысы облыстық бюджеттен қаралған. Ал 3 мектепті «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен жөндеу көзделген. Ал 2026-2027 жылдары 74 мектеп жаңғыртудан өтеді деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы 1089 орта білім беру мекемесінде 554 753 оқушы оқып жатыр. Оның ішінде мемлекеттік 920 мектепте 503 665 оқушы оқыса, жекеменшік 167 мектепте 51 088 оқушы білім алуда.

Жаңадан салынып жатқан және жаңғыртылған мектептер үш ауысымды оқытуды қысқартуға, апатты мектептердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде оқушылардың білім сапасына оң әсерін тигізеді.

Осылайша Түркістан облысында мектептерді жаңғырту мен салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл бастамалар өңірдің білім беру саласын жаңа деңгейге көтеріп, келешек ұрпақтың сапалы білім алуына берік негіз қалайды.

 

Previous Post

Түркістан өңірінің тәжірибесіне  өзге де облыстар қызығушылық танытуда

Next Post

Түркістан облысында инфрақұрылым жұмысы қарқын алды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі