basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында инфрақұрылым жұмысы қарқын алды

Мамыр 26, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында инфрақұрылым жұмысы қарқын алды
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Созақта ішкі жолдар жаңартылып жатыр. 66,4 шақырымды құрайтын ішкі көшелерге асфальт және қиыршық тас төселеді. Созақ ауданында халық сұранысына сай бірқатар жұмыс атқарылуда. Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округінде халық сұранысына сай бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков округке арнайы барып, ішкі жолдардың жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда Құмкент ауылында жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын Абай, Есіркепұлы, Қызылқанат және Жамбыл көшелеріне асфальт төселуде. Сонымен қатар Қызылкөл елді мекенінде ұзындығы 2,5 шақырым болатын көшелерге де сапалы жол жабындысы салынуда. Жақын күндері бұл жұмыстар толық аяқталып, Қызылкөл ауылының ішкі көшелері 100 пайыз жолмен қамтылады. Айта кетейік, биыл аудандық бюджет есебінен 66,4 шақырымды құрайтын ішкі көшелерге асфальт және қиыршық тас төселеді. Бұдан бөлек, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 14,2 шақырымды қамтитын 12 көше жаңартылып, бұл бағыттағы жұмыстар өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артып отыр. Өткен жылы осы жоба аясында 25 көшеде (26,1 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал аудандық бюджет есебінен 21,2 шақырым жол (18 көше) жаңартылып, ауыл тұрғындарының игілігіне берілді.
Ал Келесте 6 ауылға табиғи газ тартылып жатыр. Бүгінде су сапасын арттыру үшін үш елді мекенде су тазарту құрылғылары жұмыс істеп тұр. Келес ауданындағы 6 ауылға табиғи газ тарту жұмыстары жүріп жатыр. Келес ауданына қарасты Ошақты ауылдық округінде халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы округтегі Жиделі елді мекенінде 300 орындық жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Инфрақұрылым саласында да оң өзгерістер байқалады. Бірнеше елді мекеннің ішкі көшелеріне асфальт төселіп, жол сапасы жақсарды. Қазіргі таңда Қоңыртөбе мен Береке ауылдарында қосымша көше жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Электр желілері мен бағаналарын жаңарту үшін жобалар әзірленіп, басқармаға ұсынылған. Ал табиғи газбен округтегі 7 елді мекен толық қамтылған болса, қалған 6 ауылда газ тарту жұмыстары биыл аяқталмақ. Бүгінде су сапасын арттыру үшін үш елді мекенде су тазарту құрылғылары жұмыс істеп тұр. Ауыл шаруашылығына қажетті ағын су мәселесі де шешімін табуда. Өткен жылы бірнеше каналдар механикалық әдіспен тазаланса, биыл бұл жұмыстар жалғасын тауып, егістікке су жеткізу мүмкіндігі артуда. Су тасқынының алдын алу үшін каналдар мен арықтар тазаланып, арнайы су бұру арналарында реттеу жұмыстары жүргізілген. Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев тұрғындармен кездесуде баяндады.
Бұдан өзге, Ордабасы ауданы, Шұбар елді мекені тұрғындарына «көгілдір отын» берілді.Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар елді мекені тұрғындарына «көгілдір отын» берілді. Аудан әкімі Азат Оралбаев және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының директоры Ақылбек Абилдиев арнайы барып, ауылдағы тұрғындардың қуанышымен ортақтасып, ізгі лебіздерін жеткізіп, газ құбырын салтанатты түрде ашты. Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостан Жәкей және ауыл ақсақалдары да сөз кезегін алып, ауылға табиғи газ келуі – жайлылық пен қолайлылық екенін атап өтіп, ел қамы жолында еңбектеніп жүрген азаматтарға ризашылықтарын жеткізді.

Previous Post

Түркістан облысы: Білім беру сапасын арттыру жолындағы ауқымды қадамдар

Next Post

Туризм саласындағы ынтымақтастық нығайуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі