basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан мен Қытай арасында туристік меморандумға қол қойылды

Мамыр 29, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістан мен Қытай арасында туристік меморандумға қол қойылды
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады. Қытай Халық Республикасында туризм көрмесі өтіп жатыр. Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында ITB China 2025 халықаралық туризм көрмесі өтіп жатыр. Шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған делегация арнайы жұмыс сапарымен барды. Іс-шарада облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын, табиғи көрікті жерлері және заманауи туристік инфрақұрылымын кеңінен таныстырды. Сапар аясында делегация Қытайдың бірқатар туристік компанияларымен және ірі туроператорларымен келіссөздер жүргізіп, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады. Нәтижесінде, алдағы уақытта Түркістан мен Қытай арасындағы туристік ағынды арттыруға бағытталған бірқатар келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ, делегация өкілдері Қытайдың Beijing Fine Tour İnternational Travel Service Co Ltd, CYTS Xinjiang Culture and Tourism Development Co.,Ltd басшылықтарымен Түркiстанда қытай туристерiн арттыру бойынша келiссөз жүргізді.
ҚХР-ның Шанхай қаласындағы ғасырға жуық тарихы бар Broadway Mansions қонақ үйінде Visit Turkistan туристік ақпараттық кеңсесі ашылды. Кеңсенің негізгі мақсаты – әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшыларға Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстыру және өңірге туристерді тарту. Қазақстан туризмін халықаралық деңгейде насихаттайтын бұл кеңсенің ашылуына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысып, ізгі ниетін жеткізді. – Екі ел арасындағы байланыс бірнеше ғасырға жалғасып келеді. Ұлы Жібек жолы бойындағы бұл тарихи сабақтастық әлем үшін де маңызды. Біз Қытаймен арадағы осы байланысты іскерлік бағытта жаңғыртып, Түркістан облысының туризмін жаңа деңгейге шығарғымыз келеді. Кеңсеміздің ашылуына үлес қосқан SkyWay туроператоры мен Шанхай туристік қауымдастығына алғысымыз шексіз, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Шара аясында Түркістан облысының туризм басқармасы мен China Corporate United Pavilion Group (CCUP) және SkyWay туристік операторы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қытайлық туристік операторлардың қызығушылығы Түркістанға жаңа туристік ағым қалыптастырады деген сенім бар. Бұл келісім өңірдің халықаралық имиджін көтеріп, туризм саласына инвестиция тартуға және мәдени байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Қос тараптың қолдауымен Шанхайда ашылған кеңсе тұрақты әрі жүйелі жұмыс істейді.

Previous Post

Түркістан облысында 6 теміржол вокзалы реконструкциялаудан өтеді

Next Post

ТҮРКІСТАН: Биыл көлемі 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй тапсырылады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі