basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Биыл көлемі 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй тапсырылады

Мамыр 29, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Биыл көлемі 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй тапсырылады
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сәуір айының қорытындысымен өңірде 226,1 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға тапсырылды. 2025 жылы Түркістан облысы бойынша 1060 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Түркістан облысы бойынша 2025 жылы 1060 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға тапсыру жоспарланған. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үй – 410,2 мың шаршы метр болса, жеке тұрғын үй көлемі 649,8 мың аршы метр болады деп күтілуде. Сәуір айының қорытындысымен өңірде 226,1 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға тапсырылды. Осы саладағы мәселелер облыс әкімдігінде өткен мәжілісте талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді. – Тұрғын үй бойынша жоспарланған құрылысты сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырамын. Жұмысты кешеуілдеткен аудан, қала әкімдерінің осы салаға жауапты орынбасарларына тиісті шара көріледі. Тұрғын үй мәселесі өте өзекті екенін білесіздер. Сондықтан алдын ала инфрақұрылым, жер мәселесін, баспананы үйлестіру жұмыстарын жүйелеу керек, – деді Нұралхан Көшеров. Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абай Тұрхановтың айтуынша, тұрғын үй құрылысының жоспарына жету үшін жалпы бюджеттен 31,3 млрд. теңге қаралған. Оның ішінде кредиттік тұрғын үйдің құрылысына 13,8 млрд. теңге, арендалық үйлердің құрылысына 2,0 млрд теңге, арендалық үйлерді сатып алуға 15,5 млрд. теңге қаралған. Бүгінгі таңда Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 29 тұрғын үйдің (2078 пәтер) 4-еуі (160 пәтер) пайдалануға тапсырылды. Қалған 25 үйдің құрылыс жұмыстары 85 пайызға орындалған, биыл тамыз айына дейін кезең-кезеңмен пайдалануға беру көзделіп отыр. Кентау қаласындағы 5 қабатты 1 тұрғын үй, яғни, 60 пәтердің құрылыс-монтаждау жұмыстары 95 пайызға орындалған, маусым айында пайдалануға беріледі. Облыста 8 арендалық тұрғын үйдің (380 пәтер, 23,7 мың ш.м.) құрылысы іске асырылуда. Биыл республика бойынша 5139 арендалық пәтер сатып алу жоспарланған. Оның ішінде, кезектегі азаматтардың үлесіне сәйкес, Түркістан облысына 578 пәтерге қаржы қаралған.

Previous Post

Түркістан мен Қытай арасында туристік меморандумға қол қойылды

Next Post

ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі