basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандағы «Жасыл белдеуде» ағаш көбейіп жатыр

Мамыр 30, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістандағы «Жасыл белдеуде» ағаш көбейіп жатыр
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс әкімінің қолдауымен бүгінгі таңға дейін 29 544,0 ге жер мемлекеттік орман қоры санатына ауыстырылған. Түркістандағы «Жасыл белдеу» жайқалып келеді. Түркістан қаласы аумағында «Жасыл белдеу» құру мақсатында отырғызылған орман ағаштарының саны артып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Бірлік алқабындағы «Жасыл белдеу» жұмыстарымен танысып, қаладағы «Жасыл аймақ» мекемесіндегі орман тұқымбағы мен жылыжайларын аралап көрді. Өңір басшысы «Жасыл белдеуге» жауаптыларға көшеттерді күтіп-баптау және көгалдандыру жұмыстарын одан әрі жандандырып, суару жүйесін жетілдіруді тапсырды.

Түркістан қаласын шаң-тозаңнан сақтап, экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы Түркістан қаласының айналасына «Жасыл белдеу» құрылды. Облыс әкімінің қолдауымен бүгінгі таңға дейін 29 544,0 ге жер мемлекеттік орман қоры санатына ауыстырылған. Оның ішінде Түркістан қаласы 2852,0 га, Сауран ауданы 19362,0 га және Отырар ауданы 7 330,0 га аумақты құрайды. Қала айналасынан 2019-2024 жылдар аралығында жалпы 18 071,0 га жерге әртүрлі жапырақты ағаштар отырғызылған. Атап айтсақ, жапырақты ағаш көшеттері – 8 337,0 га, сексеуіл екпелері – 9 734,0 га. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев «Жасыл белдеудің» қазіргі жағдайы туралы мәлімдеп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Орман екпелерін суару мақсатында 237 ұңғыма қазылып, «Арыс-Түркістан» каналы, «Қосқорған» су қоймасы мен Қарашық өзенінен су тарту жүйелері орнатылды. Қазіргі таңда мекеменің аумағында 90 % электр желісі тартылған. Электр желісі тартылған учаскелерде 24 сағат суару мүмкіндігі бар. Ал қалған 10 % бензинді және дизельді мотопомпалармен суарылады. Мекемеде 100 гектар жер аумағында ағаш-бұта көшеттерін өсіруге тұрақты және 20 гектар уақытша орман тұқымбағы ұйымдастырылған. Тұқымбақтардың көлемін ұлғайту, климаттық жағдайды жақсарту бағытында заманауи тұқымбақ құрылды. Бүгінгі таңда, 1,0 га аумақты көленкелеу, тамшылатып суару жүйесін орнату, 6 жылыжай кешені мен ауқымды су жинау бассейні мен жылыту қазандығы және орманшылар үйі салынды.

Previous Post

ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Өңірлік нышан жобасы бойынша мәжіліс өтті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі