basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Өңірлік нышан жобасы бойынша мәжіліс өтті

Мамыр 30, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Өңірлік нышан жобасы бойынша мәжіліс өтті
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жиынға облыстық қоғамдық даму, мәдениет және сәулет басқармасының жауапты тұлғалары қатысты. Түркістан облысында өңірлік нышан әзірлеу бойынша байқау жарияланған. Түркістан облысында өңірлік нышан әзірлеу бойынша байқау жарияланған болатын. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынға облыстық қоғамдық даму, мәдениет және сәулет басқармасының жауапты тұлғалары қатысты. Басқосуда өңірлік нышан жобасына қойылатын талаптар мен байқау ережелері талқыланды. Нақтырақ айтсақ, өңірлік нышан жобасы бұрын қолданылмаған, ерекше әрі жергілікті жердің болашақ даму бағытын көрсететін жаңа жұмыс болуы тиіс. Ұлттық этнографиялық элементтерді, ою-өрнектерді пайдалануға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ дiни, рулық және тайпалық белгiлердiң бейнесін пайдалануға тыйым салынады. Жиын барысында байқауға қатысушылардың жұмыстары сараланып, ұсыныстар талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары мәжіліс барысында бұл жоба – өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени және георграфиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін айшықтайтын маңызды жоба екенін атап өтті. Сондай-ақ ол конкурсқа қатысушыларды өз идеяларын ұсынып, Түркістан облысының ерекше символын жасауға белсенді атсалысуға шақырды. Айта кетейік, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің «Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығы бекітілген.

Previous Post

Түркістандағы «Жасыл белдеуде» ағаш көбейіп жатыр

Next Post

Түркістандық делегация мен ҚХР компаниялары арасында кездесулер өтті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі