basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Маусым 2, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сауран ауданының орталығында жаңа балалар саябағының ашылу салтанаты өтті. Аталған игі жоба аудан әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып, бүгінгі таңда пайдалануға берілді. Жобаның тапсырыс берушісі – Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.

Салтанатты шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, саябақтың ресми ашылуын жасады. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, ауданның зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар жаңа нысанмен танысты.

Жалпы аумағы 2,14 гектарды құрайтын жаңа саябақ заманауи талаптарға сай жабдықталған. Балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуіне барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, үлкен ойын алаңы түрлі жастағы балаларға арналған заманауи әрі қауіпсіз құрылғылармен қамтылған. Алаңға жұмсақ жабын төселіп, қауіпсіздік талаптарына толық сай келеді.

Сонымен қатар саябақ аумағы көгалдандырылып, 2113 шаршы метр жасыл белдеу қалыптастырылды. Демалуға арналған көлеңкелі аймақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынып, орындықтар орнатылған. Табиғи атмосфераны жандандыру мақсатында саябаққа 12 түрлі ағаш, 88 түп шырша, 25 түп писсарди, 20 түп шынар, 30 түп раушан гүлі және 40 түп магония көшеті отырғызылды.

Еске салсақ, Сауран ауданында күрделі жөндеуден өткен көпір ашылған еді. Сауран ауданында облыстық маңызы бар КХ-59 «Түркістан–Қарнақ» автожолының бойындағы көпірдің күрделі жөндеуден кейінгі ашылу салтанаты өтті. Ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов арнайы қатысып, көпірдің ел игілігіне берілуімен тұрғындарды құттықтап, өңірдегі инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жалпы ұзындығы 72 метр, ені 9 метрді құрайтын көпір – Сауран ауданы аумағындағы көлік қатынасының маңызды нүктелерінің бірі. Күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталды. Жоба аясында ескі көпір толық бұзылып, 72 дана темірбетон қада қағылды. Ұзындығы 24 метр болатын 27 дана темірбетон плита орнатылды, жаңа қоршаулар мен асфальт жабындысы төселді. Құрылыс кезінде ұзындығы 820 метрлік айналма жол салынды. Жөндеу жұмыстары Түркістан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жүргізілді. Бұл көпір тек көлік қозғалысын қамтамасыз ететін нысан ғана емес, ауыл мен қала арасындағы экономикалық, әлеуметтік байланысты нығайтатын, тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қатынасын қамтамасыз ететін маңызды құрылым. Алдағы уақытта да Сауран ауданында тұрғындар өмірін жеңілдетуге бағытталған сапалы инфрақұрылымдық жобалар жалғасын табады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Next Post

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ МАҢЫНДА ЖОЛАУШЫЛАР КӨПІРЛЕРІ САЛЫНУДА

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі