basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әуежайы RA3 сертификатын алды 

27 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкент әуежайы RA3 сертификатын алды 
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

(Фото: Шымкент қаласы әкімдігі)

Шымкент халықаралық әуежайы сәтті түрде сертификаттау рәсімінен өтіп, RA3 (Regulated Agent Third Country) мәртебесіне ие болды. Бұл сертификат әуежайдың жүк тасымалдау саласында Еуропалық одақтың қатаң авиациялық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетінін растайды.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, әуежайға KZ/RA3/00004-01 деген бірегей тіркеу нөмірі беріліп, ресми түрде Еуропаның RA3 деректер базасына енгізілді. Осы мәртебе әуежайға Еуропа елдеріне тікелей жүк тасымалдауды транзиттік бекеттерде қосымша тексерусіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бұл жүк жеткізу уақытын жеделдетіп, логистикалық тізбектерді жеңілдетуге, серіктестердің уақыттық және қаржылық шығындарын азайтуға, сондай-ақ қаланың халықаралық әуе тасымалдаушылар мен логистикалық компаниялар үшін тартымдылығын арттыруға жол ашады.

Шымкент үшін бұл оқиғаның стратегиялық маңызы зор. Жаңа мәртебе әуежайдың Орталық Азиядағы ірі жүк хабтарының бірі ретіндегі орнын нығайтып, шетелдік әуе компанияларымен ынтымақтастық аясын кеңейтеді және Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызады,-деп атап өтті әкімдіктен.

RA3 сертификатын алу – Қазақстанның халықаралық көлік және сауда дәліздеріне ықпалдасу жолындағы маңызды қадам саналады. Сонымен қатар ол өңірдің инвестициялық және іскерлік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. Бұдан бөлек, Шымкент әуежайында екінші ұшу-қону жолағы салынады. Жоба – әуежайды халықаралық деңгейдегі заманауи мультимодальды хабқа айналдыру бағдарламасының маңызды бөлігі.

Жаңа жолақтың ұзындығы – 3500 метр, ені – 60 метр болады. ПСН-80 санатындағы төсемнің беріктігі жоғары жүк көтерімді әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Tags: шымкентәуежай
Previous Post

В Шымкенте чествовали лучших тружеников

Next Post

Жастарды еңбекке баулу мен мамандыққа бағдарлау талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі