basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жастар

Жастарды еңбекке баулу мен мамандыққа бағдарлау талқыланды

27 сентября, 2025
in Жастар, Жаңалықтар
0
Жастарды еңбекке баулу мен мамандыққа бағдарлау талқыланды
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

(Фото: Шымкент қ. ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма)

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған басым бағыттарды түсіндіру және талқылау мақсатында жастар мен сала мамандарының қатысуымен кең көлемді кездесу өтті.

Бұл басқосудың ерекшелігі – онда жасанды интеллектіні (ЖИ) пайдалану мәселесі тек цифрлық технология тұрғысынан емес, жастарды еңбекке баулу, болашақ мамандықтарға бағыттау және кәсіби дағдыларды дамыту тұрғысынан қарастырылды.

Кездесуге Шымкент HUB аймақтық бөлім басшысы Құрманғазы Мұратов, «Азия Сервис» компаниясы директорының орынбасары Александр Андреевич, IT саласының білікті мамандары және қала студенттері қатысты.

Спикерлер жасанды интеллектінің артықшылықтары мен тәуекелдеріне тоқталып, оның кәсіпкерлік, білім беру және мемлекеттік басқарудағы қолданылу жолдарын талқылады. Олар жастарға бұл бағытта жаңа кәсіби дағдыларды меңгеру қажеттігін ерекше атап өтті.

«Біздің басты мақсатымыз – өңірде IT саласын дамыту ғана емес, сонымен бірге жастарды еңбекке баулу, оларды жаңа заманға сай мамандықтарға даярлау. Жыл сайын 170-ке жуық іс-шара өткізіледі. Стартап академиясы, ноу-код курстары, түрлі хакатондар мен тегін оқыту бағдарламаларының барлығы жастардың еңбекқорлығын арттыруға, оларды нақты кәсіпке бағыттауға арналған», – деді Құрманғазы Мұратов өз сөзінде.

Кездесу барысында жастардың болашақта қандай мамандықтарға сұраныс артып келе жатқанына назар аударылды. Сарапшылардың айтуынша, ЖИ-дің дамуы нәтижесінде деректер талдаушысы (data-analyst), жасанды интеллект инженері, киберқауіпсіздік маманы, робот техникасы инженері, цифрлық маркетолог, IT-жобаларды басқарушы сияқты жаңа мамандықтар алдыңғы қатарға шығып отыр. Сонымен бірге дәстүрлі мамандықтар да жаңа мазмұнға ие болуда. Мысалы, дәрігерлер ЖИ көмегімен науқастардың диагнозын тезірек анықтаса, мұғалімдер оқыту процесінде цифрлық құралдарды көбірек қолдана бастады. Бұл – жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жол ашатын үрдіс.

Соңғы екі жылда қаланың цифрландыру көрсеткіштері айтарлықтай өскен. «Smart City» жобаларының арқасында цифрлық қызметтерді пайдалану деңгейі 55 пайыздан 76 пайызға, ақпараттық технологияларды қолдану көрсеткіші 44 пайыздан 85 пайызға жеткен. Бұл – жастардың жаңа технологияларды меңгеруге деген ынтасы артып келе жатқанын көрсетеді.

Кездесу барысында студенттер мен жас мамандарға арналған бірқатар тегін жобалар таныстырылды. Соның ішінде «Стартап Орда» бағдарламасы ерекше назар аудартты. Екі ай ішінде қатысушылар өз идеяларын нақты өнімге айналдырып, бизнес-жобалар дайындап шыға алады. Бұл – тек білім беру емес, жастарды нақты еңбекке, табыс табуға және кәсіпкерлікке баулудың тиімді жолы.

Жалпы, жиын барысында жасанды интеллектіні дамыту тек технологиялық прогресс қана емес, сонымен қатар жастардың кәсіби болашағына инвестиция екені кеңінен айтылды. Спикерлердің пікірінше, қазіргі жастардың еңбекке адалдығы мен табандылығы жаңа технологияларды меңгерумен ұштасса, Қазақстан әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлай алады.

Жасанды интеллектіні меңгеру – болашақта сұранысқа ие мамандықтарға жол ашып, жастардың қоғамдағы орнын нығайтады. Сондықтан мұндай кездесулер – тек түсіндіру жұмысы ғана емес, еңбекке баулудың, мамандыққа бағыт берудің нақты алаңы болып отыр.

Tags: Еңбекжасанды интеллектжастар
Previous Post

Шымкент әуежайы RA3 сертификатын алды 

Next Post

Воспитание трудолюбия стала главной темой встречи молодежи

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі