basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Еңбек адамы

«Mamandyq Fest»: Жастар еңбегі – елдің болашағы

29 сентября, 2025
in Еңбек адамы, Жастар, Жаңалықтар
0
«Mamandyq Fest»: Жастар еңбегі – елдің болашағы
0
SHARES
44
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

(Фото: Шымкент қ. білім басқармасы)

Тараз қаласы үлкен шығармашылық алаңға айналды. Мұнда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері бас қосып, «Mamandyq Fest» халықаралық байқауында бақ сынасты. Бұл байқаудың басты мақсаты – қоғамда еңбек адамының бейнесін қалыптастыру, жастарды еңбексүйгіштікке баулу, кәсіби ынтымақтастықты дамыту. 

Студенттер арасындағы додаға «Сән технологиясы», «Киім дизайны», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтарын меңгеріп жүрген жас дарындар қатысып, өз қолтаңбасын қалдырды.

Байқауға Шымкентпен қоса Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген үміткерлермен қатар, шетелдік серіктес оқу орындарының студенттері де қатысып, барлығы 24 талантты жас өз шеберлігін ортаға салды. Байқаудың ауқымы кең болғандықтан, ол тек өнер додасы ғана емес, жастарды еңбекке баулудың, олардың бойындағы табандылықты шыңдаудың жарқын үлгісіне айналды.

Еңбек адамы – елдің тірегі

Қазіргі таңда еңбек адамы – ел дамуының негізгі күші. Қолөнер, тігіншілік, дизайн сияқты кәсіптер – жай ғана мамандық емес, олар ұлттық мәдениетті сақтаудың, дәстүрді дәріптеудің сенімді жолы.

Жастардың еңбегін дәріптеу арқылы қоғамда «еңбек етсең, емерсің» қағидасын қайта жаңғырту аса маңызды. Себебі, бүгінгі жас еңбеккер – ертеңгі кәсіби маман, ал олардың шебер қолынан шыққан туындылар елдің болашағына қызмет етеді.

Жеңіс әкелген еңбек пен табандылық

Бұл додада Шымкент қаласындағы «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің» студенті Алтынай Мұхтарқызы озық шықты. Қалалық білім басқармасының мәліметінше, бойжеткен байқауда ерекше еңбегімен танылып, «Заманауи киімде ұлттық дәстүрді сақтағаны үшін» арнайы номинацияға ие болды.

Студент Алтынайдың жеңісі – оның еңбексүйгіштігінің, кәсібіне деген сүйіспеншілігінің, ұстаздарының бағыт-бағдары мен отбасындағы тәрбиенің жемісі. Ол өз туындысында қазақтың ұлттық ою-өрнегін қазіргі сән үлгісімен үйлестіре отырып, дәстүр мен жаңашылдықты тоғыстырды. Мұндай еңбектер арқылы жастардың бойында «ұлттықты сақтай отырып, заманауи болуға болады» деген ой қалыптасады.

Жастарды еңбекке баулудың мәні

«Mamandyq Fest» байқауы жастар үшін үлкен тәжірибе алаңы болды. Әр қатысушы өз жұмысын ұсынып қана қоймай, басқа елдер мен өңірлерден келген замандастарымен тәжірибе алмасты. Бұл олардың көзқарасын кеңейтіп, болашақта өз кәсібін дамытуға шабыт берді.

Жастарды еңбекке баулу – тек кәсіби дағды үйрету емес, сонымен бірге оларды адалдыққа, табандылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу. Мұндай қасиеттер нағыз еңбек адамының бойынан табылады. Әрбір жасқа еңбектің қадірін түсіндіру – қоғам алдындағы үлкен міндет.

Таразда өткен бұл халықаралық байқау жастардың еңбекке деген ынтасын арттырып, олардың болашаққа деген сенімін нығайтты. Шымкенттік Алтынайдың жеңісі – бүкіл жастарға үлгі, еңбекпен жеткен табыстың айғағы.

Ең бастысы, мұндай шаралар арқылы қоғамға «еңбек – адамды шыңдайтын күш, еңбексіз жетістік болмайды» деген мәңгілік ақиқат жеткізіледі. Жастардың табысы – елдің табысы, олардың еңбегі – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі.

Tags: Еңбекжастарстудент
Previous Post

«Mamandyq Fest»: Труд молодежи – будущее страны

Next Post

Қарапайым жұмысшыдан тәжірибелі механикке дейінгі жол

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі