basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Шымкент қаласының әкімі Президентке эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады

Шілде 30, 2020
in Cаясат
0
Шымкент қаласының әкімі Президентке эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесу барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын баяндады.
Қала әкімі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу, сондай-ақ карантин режимін қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
«Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Өткен тәулікте 54 вирус жұқтырғандар тіркеліп, өсім 1,2 пайызды құраған. Осы айдың басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда екі есеге төмендеген. Сонымен қатар, жедел жәрдем шақыру 43 пайызға азайып, стационарларда ем алушылардың саны 56,9 пайызға төмендеп отыр. Сіздің тапсырмаңызбен қала қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталды. Бүгінде шет мемлекеттен 2 млн. 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрілер мен 16 млн. 700 мың маска жеткізілді. Сондай-ақ, қосымша 58 ИВЛ, 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялық мониторлар алынды. Қазіргі таңда, реанимациялық орынның 88,7 пайызы ИВЛ аппараттарымен қамтылып отыр»,-деді қала басшысы.
Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов төтенше жағдайға орай табысынан айырылған азаматтарға тиесілі 42500 теңге көлеміндегі біржолғы төлем Шымкент қаласының 100 504 азаматына берілгенін атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесу барысында Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин шараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігін айтты.

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте жаңа оқу жылында 24 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданады

Next Post

Шымкентте «Мектепке жол» акциясы аясында 42 мыңнан астам балаға көмек беріледі

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі