basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Заң

Шымкент: Карантин режимін сақтамаған азаматтарға 178 хаттама толтырылған

4 августа, 2020
in Заң
0
Шымкент: Карантин режимін сақтамаған азаматтарға 178 хаттама толтырылған
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғ.Әбішевтің қатысуымен қаламыздағы 7 айдағы эпидемиологиялық ахуал және Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 31 шілдедегі №30 Қаулысы бойынша брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісінде, ең алдымен, осы жылдың 7 айында Шымкент қаласы бойынша оба, тырысқақ, құтыру, паратиф, дифтерия, көкжөтел, қызамық, іш сүзегі, полиомиелит және сальмонеллез аурулары тіркелмегені айтылды.

– Өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдықтың төмендеуі байқалады. Мәселен, ЖІИ 3,9 есе, қызылша 1,3 есе, серозды менингит 14 есе, бруцеллез 5,2 есе, эхинококкоз 1 жағдайға, тұмау 8 жағдайға, ЖРВИ 1,4 есе және тыныс алу органдарының туберкулезі 42%-ға төмендеген. Ал менингококк инфекциясымен 6 жағдай, қышымамен 103 жағдай және КҚГҚ-ның 1 жағдайы тіркелген. Осы ретте коронавирус індеті жайлы айтсам, Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызы мен 2 тамызы аралығында COVID-19 инфекциясымен 4980 жағдай тіркелді (2561 симптомды, 2419 симптомсыз). Яғни, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 474,7 құрап отыр, – деді Ғ.Әбішев.

Брифингте сұрақ-жауап барысында Ғалымжан Мотайұлы шектеу шаралары мен санитарлық нормаларды бұзған азаматтар және кәсіпкерлік нысандарға салынған айыппұл жөнінде тілге тиек етті. Оның айтуынша, елімізде төтенше жағдай енгізгеннен бері бүгінге дейін Шымкент қаласында 178 хаттама толтырылып, 10 миллионнан астам айыппұл салынған. Одан бөлек, карантин режимі мен санитарлық нормаларды сақтауды бақылау нәтижесінде қалада инфекциялық аурулардың төмендегені айтылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында карантин және шектеу шаралары 2020 жылдың 3 тамызынан 17 тамызына дейін ұзартылды.

Tags: 3 мегаполискарантинхаттамашымкент
Previous Post

Шымкент: Диагностикалық орталықтағы зертхана 9 мыңнан астам азаматтан Covid-19-ға сынама алған

Next Post

Шымкент: Қаратау ауданындағы үйлердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік электр энергиясына қосылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі