basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: Қаратау ауданындағы үйлердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік электр энергиясына қосылған

Тамыз 4, 2020
in Билік
0
Шымкент: Қаратау ауданындағы үйлердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік электр энергиясына қосылған
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда Қаратау ауданында 47 мыңнан астам тұрғын үй бар. Оның 80,8 пайызы мемлекеттік қуат көзіне қосылған. Ал, қалған 19,2 пайызы жекеменшік трансформатордан қуат алады екен. Қазірде Қаратаудағы бірнеше шағын ауданда электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нақтырақ айтар болсақ, Достық шағын ауданындағы электр желілерінің құрылысына 2019 жылы бюджеттен 400 млн тг қарастырылып, жұмысы басталған болатын. Биыл тағы 240,6 млн тг бөлініп, электр бағаналары орнатылып жатыр. Жалпы жоба құны 848,1 млн теңгені құрайды. Мердігер «КазАльфаСтрой» компаниясы электр желісін келер жылдың қараша айында құрып бітіруі тиіс. Нәтижесінде, 47 км желі және 13 дана КТП орнатылатын болады.

Мұнан өзге, Тұран шағын ауданында электр жарығы құрылысына биылдың өзінде  256,3 млн тг қарастырылып, «АБМ Билдинг» ЖШС-ы тарапынан жұмыстары басталды. Жалпы құны 2 млрдтан асатын жоба 2021 жылы қараша айында қолданысқа беріледі.

Ал,  Асар-2 шағын ауданындағы электр желілерінің құрылысына 2019 жылы бюджеттен 700 млн тг қарастырылған. Биыл болса, 474,8 млн тг бөлініп, құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр. Құны 1 млрдтан асатын қуат желісін «Ремстрой Алматы» компаниясы осы күзде салып бітуі қажет.

Мұнан бөлек, Қаратау ауданындағы Тассай, Азат, Қайтпас шағын аудандарында да электр бағаналарын орнату жұмыстары жүріп жатқанын айта кеткен жөн.

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновшымкентэлектр желісі
Previous Post

Шымкент: Карантин режимін сақтамаған азаматтарға 178 хаттама толтырылған

Next Post

Шымкент: Қаратау ауданындағы 5 шағын ауданға газ тартылуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі