basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: Қаратау ауданындағы 5 шағын ауданға газ тартылуда

Тамыз 4, 2020
in Билік
0
Шымкент: Қаратау ауданындағы 5 шағын ауданға газ тартылуда
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Қаратау ауданында газ құбырларын тарту жұмыстары қарқын алып келеді.  Тұрғын үйлерге табиғи газ берілгенге дейінгі барлық жүйелердің дайын болуы үшін құрылыс жұмыстары қыза түскен.

Нақтырақ айтар болсақ, наурыз айында Тұран шағын ауданын  табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша магистралды жүйенің құрылысы бастау алған болатын. Бүгінде «StroyGazCompany» компаниясы жұмыстың 1-кезеңін қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабында да магистралды газ құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Достық және Асар шағын аудан тұрғындарының да көгілдір отынға қосылар кезі алыс емес. Достықта 46,06 км құрайтын, ал Асар шағын ауданында 50,4 км болатын ішкі орамдық жүйелердің құрылысы жүргізіліп жатыр. «Газовое хозяйство Шымкент газ» ЖШС, «Отау Строй» ЖШС компаниялары құрылысты толығымен келесі жылы аяқтайтынын айтуда.

Сонымен қатар, Азат шағын ауданында табиғи газ жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін  2020 жылға жергілікті бюджеттен 30,7 млн тг қаржы қаралып отыр. «Ынтымақ бес арыс» компаниясы құрылыс жұмыстарын мамыр айында бастаған болатын. Жалпы құны 236,3 млн теңгені құрайтын жоба құрылысы кесте бойынша келер жылы аяқталуы тиіс.

Tags: 3 мегаполистабиғи газшымкентҚаратау ауданы
Previous Post

Шымкент: Қаратау ауданындағы үйлердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік электр энергиясына қосылған

Next Post

Шымкент : Орташа жөндеуден өткен ішкі орам жолдар пайдалануға берілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі