basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте 79 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңарады

Тамыз 11, 2020
in Билік
0
Шымкентте 79 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңарады
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бойынша берген тапсырмасы өз шешімін тауып жатыр. Қала әкімі Шымкент – ТМД елдерінің астанасы аясында қаланың негізгі орталық көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жөндеуді тапсырған болатын.

Атқарылып жатқан жұмыстар толығымен аяқталар болса, шаһардағы 79 көпқабатты тұрғынүйдің сырты жаңа келбетке ие болады.

Әкім тапсырмасының орындалуы және құрылыс саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар барысы жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Б.Мамыталиев баяндады.

«Республика  және Тәуке хан даңғылы бойындағы  шұғыл жөндеуді қажет ететін 43 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңарды. Жөндеу жұмыстарын «Отау Строй», «А.Р.Т. Құрылыс», «Канфар Билдинг», «Корпорация Ақ ордасы», «Шымкент строй», «КазМедеоГранд», «БекСтройСервис», «Лидер-НК» және «Югстройсервис-Н» секілді компаниялар жүргізді. Бүгінгі таңда 43 үйдің сыртқы қасбетін жөндеу және витраж орнату жұмыстары толық аяқталды» – деді ол.

Сонымен қатар,  Асар шағын ауданында көпқабатты 30 тұрғын үйдің қасбетін жөндеу қажеттілігі  анықталған. Бүгінгі таңда 28 үйде жұмыстар толығымен аяқталып, ал қалған екі үйдегі жөндеу  жұмыстарының  90% пайызы атқарылғанын жеткізді.

Бұдан бөлек, Әкімшілік-іскерлік орталығында алты үйге «А.Р.Т. Құрылыс» компаниясы жөндеу жүргізіп жатыр. 4 үйдің сыртқы қасбеті қалпына келтірілді, қалған 2 үйдің жұмыстары жақын арада бітетін болады.

Осы орайда жөндеу жұмыстары  бизнестің-әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске асырылып жатқанын айта өту қажет.

 

 

 

 

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновтұрғын үйшымкент
Previous Post

Шымкент: Интернетке мұқтаж мұғалімдер мен мектеп оқушыларына әмбебап нөмірлер мен роутерлер беріледі

Next Post

Шымкентте байланыс антенналарын орнататын 11 жер телімі анықталды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі