basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте байланыс антенналарын орнататын 11 жер телімі анықталды

Тамыз 12, 2020
in Билік
0
Шымкентте байланыс антенналарын орнататын 11 жер телімі анықталды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының аумағында байланыс антенналарын орнататын 11 жер телімі анықталды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев шаһарды цифрландыру бойынша өткен жиналыста қала әкімі Мұрат Әйтеновке баяндады.

Әкімнің тапсырмасына сәйкес қалалық жер қатынастары басқармасы байланыс антенналарын орнату үшін 11 жер телімін бөліп, оларды заңдастыру туралы қаулы шығарды.

А.Сәттібаевтың айтуынша, байланыс антеннасын орнатуды инвестор өз есебінен жүргізеді. Одан әрі ұялы байланыс операторлары өздерінің базалық станцияларын осы құрылғыға жалғайды. «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына тиесілі жарықтандыру бағандарына мобильді операторлардың базалық станцияларын инвестор орнататын неғұрлым тұрақты бағандарға ауыстыруды ұсынамыз. Атап айтқанда, жүк көтергіштігі 1.5 – 2 тонна болады. Біреуінің құны шамамен 2 – 2,7 млн. теңгені құрайды. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жол картасы жасалды», – деді әкім орынбасары.

Сондай-ақ, мобильді интернет пен байланыстың сапасын жақсарту шеңберінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері Шымкентте ұялы байланыстың нашар аймақтарын, яғни өлі аймақтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізді.

Сонымен қатар, осы жабдықты орнату үшін 43 мекенжай көрсетілген жол картасы дайындалды.

Айта кету керек, бұл учаскелер ұялы байланыс операторларының статистикасы мен қала құрылысының ерекшеліктерін ескерусіз қала көшелеріндегі драйв-тест нәтижелері бойынша анықталған.

Бұдан басқа, зерттеу жүргізу және базалық станцияларды орнату мақсатында арнайы топ құрылды. Топ жұмысына цифрландыру басқармасының, жер қатынастары басқармасының өкілдері, сондай-ақ 43 жер учаскесінің әрқайсысынан байланыс операторларының мамандары тартылды.

Сала  мамандардың мәліметінше, көптеген проблемалар үй-жайлардың ішінде қызметтерді пайдалану кезінде, тұрғын үй кешендеріне тікелей жақын жерде базалық станциялар болмаған кезде туындайтынын айтуда. Атқарылып жатқан жұмыстарды тыңдаған қала басшысы жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Tags: 3 мегаполисантенналарМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте 79 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңарады

Next Post

Шымкент: Атауы жоқ көшелерге 2022 жылға дейін 100 пайыз атаулар беріледі

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі