basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: Қала әкімі «Shymkent» ӘКК АҚ жұмысын сынға алды

Тамыз 13, 2020
in Билік
0
Шымкент: Қала әкімі «Shymkent» ӘКК АҚ жұмысын сынға алды
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен қаладағы әлеуметтік саладағы құрылыс мәселесі жөнінде жиын өтті. Онда салаға жауаптылар қазіргі таңға дейін атқарған жұмыстары жайлы қала әкіміне баяндады.

«Shymkent» ӘКК»  АҚ  төрағасы Бауыржан Канкиннің айтуынша, осы күнге дейін жоспарланған 66 жобаның 32-сі жүзеге асқан. Қалған 31 жоба жасалу үстінде екен. Ал 3 жоба нақтыланып жатыр. Оның ішінде, үй құрылысы – 9, білім – 9, денсаулық сақтау – 6, сауда нүктелері – 13, шағын және орта бизнеске қатысты – 6, өндіріс – 16, агро өнеркәсіп кешені бойынша – 7 жоба.

Қала басшысы аталғандардың ішінде  ең бірінші білім және денсаулық сақтау саласына негізгі басымдылық берілу керектігін атап өтті. Сонымен қатар, жиын барысында инвесторлар тарту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесін сөз еткен Мұрат Әйтенов, «Shymkent» ӘКК» жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.

«Кәсіпкерлер менімен кездесу кезінде қағазбастылық жұмыстарына наразылықтарын білдіреді. Ондай жұмысты жеңілдету үшін бір терезе қағидаты бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсететін арнайы фронт-офис ашқан болатынбыз. Жергілікті кәсіпкерлердің сол жерде барлық сұрағы қанағаттандырылып, кәсібін бастауға толығымен көмек алуы қажет еді. Бүгінде аталған мекеме жұмысының нәтижесі көрінбейді» – деді ол.

Сондай-ақ, жиын соңында қала әкімі инвесторлар есебінен пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін жылына 1 млн шаршы метрге дейін ұлғайтуды, тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорымен бірлескен бағдарлама әзірлеуді, «1000 сауда орны» жобасын іске асыруды жеделдетуді тапсырды.

Tags: 3 мегаполис«Shymkent» ӘКК»Мұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент қаласының әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Next Post

Шымкент: Жергілікті тауар өндірушілерге жер телімдері берілуде

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі