basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Жергілікті тауар өндірушілерге жер телімдері берілуде

Тамыз 13, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Жергілікті тауар өндірушілерге жер телімдері берілуде
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жергілікті  тауар өндірушілерге жер телімдері беріліп жатыр. Бұл жөнінде бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында мәлім болды.

Шаһарда  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру шаралары аясында сауда нысандарға айналымға қарыз қаражат беру, тауар интервенциясын жүргізу, жылжымалы әлеуметтік сауда нүктелерін ашу, жергілікті тауар өндірушілерге жер телімдерін бөлу сияқты стратегиялық жұмыстар атқарылып жатыр.

«Бүгінде «Shymkent» ӘКК» АҚ арқылы ет сатумен айналысатын «БӘЙТЕРЕК АГРО» корпорациясы мен «ТАССАЙ ҚҰС» компаниясы – жұмыртқа сату нүктесіне жер телімі бөлінді» – дейді ауылшаруашылық және ветеринария басқармасы басшысының м.а  Жанбатыров Абунасыр.

Мұнан өзге жыл соңына дейін «ШЫМКЕНТ МАЙ» АҚ  (күнбағыс майы), «АЛТЫН-ДӘН» ЖШС  және   «DANI NAN» ЖШС (ұн), «ШЫМКЕНТ СҮТ» ЖШС (сүт өнімдері), «ШЫМКЕНТ ҚҰС» ЖШС (жұмыртқа және тауық еті), «БАРЫС-2007» ЖШС (макарон) сынды өнім өндірушілерге жер телімдерін үлестіру жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, алдағы уақытта «Фиркан» және «Грамад» сауда желілері  кеңейтіледі.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жылжымалы әлеуметтік сауда нүктелерін дамыту қолға алынған. Қазіргі таңда 6 базарда  және тығыз орналасқан аймақтағы 3 орында жылжымалы сауда нүктесі жұмыс жасайды. Қосымша тағы қыркүйекте 4 ауданнан 8  сауда нүктесін ашу жоспарда бар.

«Жер телімдері  нақты мерзімде белгілі бір жүйе арқылы берілуі қажет. Осы бойынша жұмыс жасауды және тауар қорын арттырып, бағаның тұрақты болуын үнемі бақылауда ұстауды тапсырамын» – деп Мұрат Әйтенов салаға жауаптыларға тапсырмаларды орындауды жүктеді.

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновтауар өндірушілершымкент
Previous Post

Шымкент: Қала әкімі «Shymkent» ӘКК АҚ жұмысын сынға алды

Next Post

Шымкенттік еріктілер «Жанға жылу» акциясын өткізді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі