basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентке ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі мен сенаторлар келді

Тамыз 17, 2020
in Uncategorized
0
Шымкентке ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі мен сенаторлар келді
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласына іссапармен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният және ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова келді. Қонақтар қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында сөйлесті.

Сондай-ақ, олар Шымкент қаласы әкімдігінде Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен құрылған коронавирусқа қарсы күрес бойынша арнайы ситиуациялық штабтың жұмысымен танысты. Қала басшысы онда жұқпалы дертпен күресте әкімдік тарапынан атқарған жұмыстар жайлы айтып, болашаққа жасалған жоспарларымен бөлісті. Ал Ажар Ғинаят күзгі және қысқы маусымдық инфекциялық аурулардың өршуіне жол бермеу, карантиндік шектеулердің алынуы кезіндегі жұмыстарды жүйелеу жөнінде сөз қозғады.

«Егер, күзде індеттің екінші толқыны басталар болса қаладағы барлық медициналық мекемелердің резервінде төсек-орындар мен 2 айлық дәрілік заттар қоры бар. Одан өзге, эпидемиолог дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында арнайы семинарлар ұйымдастырылып, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр» – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а Тимирхан Варзилов.

Сонымен қатар, Ажар Ғиният дәрігерлермен онлайн байланысып, пікірлерін тыңдап, жұқпалы індетпен күресте ерлік танытқан әріптестеріне алғыс айтты.

«Шымкент қаласында инфекцияның таралу деңгейі төмендегенін көрдім. Бұл індет тек елімізге ғана емес, әлемге төнген қауіп болды. Осы тұста аянбай еңбек етіп жатқан баршаңызға министрлік атынан алғысымды білдіремін» – деп атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Шымкентте 14 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны – 5134, оның ішінде 4285 науқас індетінен жазылған. Провизорлық орталықтарда 2810 төсек-орын бар болса, бүгінде оның 84 пайызы бос. 211 мобильді топ 22 376 науқастың үйіне барып алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Tags: 3 мегаполисденсаулық сақтауМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент: 6 айда индустриялық аймақтардан 1,3 млрд теңге көлемінде салық түскен

Next Post

Шымкент: Ақтас-2 шағын ауданы сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі