basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент: Жедел жәрдем көрсету станциясының «Сall» орталығы жаңғыртылды

Тамыз 17, 2020
in Uncategorized
0
Шымкент: Жедел жәрдем көрсету станциясының «Сall»  орталығы жаңғыртылды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында  халықаралық  стандарттарға сай   жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының  «Call»  орталығы ашылды. Қалаға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары ҚР Парламенті Сенатынының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова және ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният орталықтың жұмысымен танысты.

103-ке келіп түсетін қоңыраулардың барлығын  диспетчерлер жаңадан ашылған орталықта қабылдап, бірыңғай автоматтандырылған жүйе арқылы  бақылай алады. Қоңырау қабылдау  орындары екі есеге артқан. Нәтижесінде қала тұрғындары еш кедергісіз жедел жәрдем нөміріне хабарласа алады.

Орталықтағы   қоңырауларды басқару үшін PRI арнасының үздіксіз байланыс желісі мен  спутниктік бақылау жүйесі (GPS) және мобильді интернет технологиясы  қолданылады. Біріктірілген жүйе арқылы операторлар 10  секунд ішінде шақыртуды бригадаға бағыттайды.

Сондай-ақ  ақпараттық жүйенің  көмегімен Шымкент қаласының картасы бойынша мекенжайларды іздеу, көлік бағыттарының карталарын қадағалау, күту уақыты, қозғалыс жылдамдығы туралы мәліметтерді автоматты түрде бақылауға болады.  Ал, шақыртуда жүрген мамандардың жұмысын бақылау үшін 100 жедел жәрдем көлігіндегі қызметкердің бәріне толығымен жаңа планшет берілді.

Айта кетейік,  Шымкент қаласы әкімдігі мен  «Мейдей Қазақстан» түрік компаниясы арасында жедел жәрдем қызметін жаңғырту жобасы аясында екі жақты меморандумға қол қойылған болатын. Келіссөз нәтижесінде бірінші кезеңде  жедел жәрдем қызметіне 100 жаңа көлік берілген. Екінші кезеңде осы жоба аясында «Call»  орталығы әлемдік стандарттар бойынша жаңғыртылды.

Tags: 3 мегаполисжедел жәрдемМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа аппаратпен толықты

Next Post

Шымкент: 30-ға жуық жөсөспірімнің ата-анасына хаттама толтырылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі