basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: «Еңбек» бағдарламасы аясында 20 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған

Тамыз 19, 2020
in Билік
0
Шымкент: «Еңбек» бағдарламасы аясында 20 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына орай, Шымкенттегі жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жаңа жұмыс орындарын құруда «Жұмыспен қамту 2020»  жол картасының іске асырылуы оң нәтиже беріп жатыр.

Биыл Шымкент қаласында «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 24 367 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Осы уақытқа дейін 19 344 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 79,4 пайызға орындалған. Бұл жөнінде Премьер-министр Асқар Маминге қала әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында баяндады.

«Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша – инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында 3 196 азаматты тегін кәсіби оқуға жолдау жоспарланған. Бүгінде нақты 2 000 адам қысқа мерзімге кәсіптік оқытуға жолданса, 1 196 адам техникалық және кәсіби білімі бар кадрлар даярлауға жіберіліп отыр. Олар үшін 1 қыркүйектен бастап оқу басталады»,- дейді қала әкімі.

Екінші бағыт бойынша – кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру мақсатында  3 396 тұрғынды қамтамасыз ету жоспарланған болса, қазіргі таңда 4 017 адам қамтылған. Яғни, жоспар артығымен орындалып отыр. Оның ішінде 2 710 адам «Бастау бизнес» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздерге оқуға жолдама алған. Ал 40 адамға шағын несие берілген. 1 267 азамат мемлекеттік грант иегері атанған.

Үшінші бағытта – жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша 17 775 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 13 327 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Оның ішінде 6 768 азамат бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан. 284 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 925 адам жастар практикасына, 4 351 адам қоғамдық жұмыстарға тартылған.

Tags: 3 мегаполисЕңбекЖұмыспен қамту 2020шымкент
Previous Post

Шымкент: «КАТКО» компаниясы жасанды тыныс алу аппаратын сыйлады

Next Post

Шымкентте жыл басынан бері 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылған

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі