basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: Түркістан көшесіндегі жөндеу жұмыстары қазан айында бітеді

Тамыз 19, 2020
in Билік
0
Шымкент: Түркістан көшесіндегі жөндеу жұмыстары қазан айында бітеді
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында ішкі орамдағы жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен аяқталып жатыр. Бүгінде Самал-3 шағынауданындағы ұзындығы 1,5 шақырым, ені 5 метр болатын Абдраманов көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, төмендегідей көшелерде жұмыстар әлі де жалғасуда:

– Еңбекші ауданы Төле би көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын «АлемТрансЖол» ЖШС мердігері жүргізіп жатыр.  Мұнда жолдың беткі қабатын жаңарту, жарамсыз ирригациялық арықтарды алмастыру қаралған. Көшенің ұзындығы 2,6 шақырым. Бүгінгі таңда, жолдың беткі асфальт қабатын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда.

-Әл-Фараби ауданы Түркістан көшесінде (Әл-Фараби алаңынан Адырбеков көшесіне дейін) жолдың беткі қабатын жаңарту, ирригациялық арықтарды алмастыру, жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салу секілді жұмыстар атқарылады. Мұнда 1,9 шақырымды құрайтын көше бөлігі жөнделеді. Қазір жолдың беткі қабатын асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Нысан ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

-Еңбекші ауданы Жібек жолы көшесіндегі (Рысқұлов көшесінен Аймауытов көшесіне дейін) орташа жөндеу жұмыстары   «Сади Строй» ЖШС-гі тарапынан жүргізілуде. Көшенің ұзындығы 1,2 шақырым.  Бүгінде жолдың беткі қабатын асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

-Таскен тұрғын алабындағы Абылайхан және Түгейболат көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, №115 мектепке баратын атауы жоқ көшеге жаяу жүргіншілер жолын орнату жұмыстары атқарылу үстінде.

Tags: 3 мегаполисМұрат ӘйтеновТүркістан көшесішымкент
Previous Post

Шымкентте жыл басынан бері 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылған

Next Post

Шымкентте білім саласы толық цифрлы жүйеге көшті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі