basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Заң

Шымкент: Заңсыз құрылыс жұмыстары тоқтатылды

4 сентября, 2020
in Заң
0
Шымкент: Заңсыз құрылыс жұмыстары тоқтатылды
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады. Қабылдауға жазылған шаһардың  тұрғындары өздерін мазалайтын мәселелерін ортаға салды. Қабылдауға келген Әл-Фараби ауданының тұрғыны Бану Көпбаева №8 мектеп маңында заңсыз құрылыс жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар мен оқушыларға қолайсыздық танытып жатқанын айтты.

-Мен бұл жайтқа қанықпын. Аудан әкімімен өткен аптада аталған мекенжайға барып, мәселемен танысқан болатынмын. Қазіргі таңда жерді қала қажеттілігі үшін мемлекеттік меншікке қайтару жөнінде қаулы шығардым. Осыған сәйкес, алаңдауға негіз жоқ. Құрылыстың тоқтауын өз бақылауыма алғанмын, — деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Бұдан өзге қабылдауда тұрғындар негізінен тұрғын үй және ойын алаңшалары жөнінде мәселе қозғады. Мәселен, Әл-Фараби ауданы «Спорт» шағын ауданының тұрғыны Данагүл Қобланова үйінің апатты жағдайда екенін айтып, көмек көрсетуін сұрады.

Қала әкімі заңға сәйкес мемлекеттік лицензиясы бар жобалау ұйымының техникалық қортындысын және жергілікті уәкілетті органның анықтамасын ұсыну арқылы тұрғын үй кезегіне тұру қажеттігін айтты. Баспананың кезек бойынша берілетінін және жаңа пәтер алған жағдайда апатты деп танылған үйді коммуналдық меншікке өткізу қажеттігін атап өтті.

Азаматтардың әрбір сауалын мұқият тыңдаған шаһар басшысы тиісті басқарма басшыларына сол сәтте тапсырма беріп, мәселелердің заң шеңберінде шешімін табатынын жеткізді.

 

Tags: 3 мегаполисзаңсыз құрылысМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Жанат Тәжиева: Тойханалардың көпшілігі мектеп болса деп армандайтынмын (видео)

Next Post

Шымкентте арнайы оқыту құралдары әзірленді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі