basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: Қонаев даңғылы – Рысқұлов көшесінің қиылысында жолайрық салынады

Қыркүйек 15, 2020
in Билік
0
Шымкент: Қонаев даңғылы – Рысқұлов көшесінің қиылысында жолайрық салынады
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы жол құрылысы жұмыстарына қатысты ұйымдастырылған арнайы баспасөз-туры кезінде айтты. Осылайша шаһардағы кептеліс мәселесін азайтпақ.
«Қазіргі таңда қала көшелеріне сараптама жүргізу нәтижесінде, жолаушылардың қолайлылығы үшін Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысына заманауи жол айрығын салу қажеттілігін байқап отырмыз. Күнделікті кептелістерден тұрғындардан шағымдар, наразылықтар байқап жатырмыз. Соны ескере отырып, қазан айынан бастап жол айрықтың жұмысына кірісеміз. Жоба келесі жылы толық аяқталуы қажет», – дейді ол.
Сонымен қатар, биыл қаладағы 259 нысан 416 шақырым жол құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 160 көшеде, 203 шақырым жол жөндеу жұмысы аяқталды. Ендігі жерде 99 көше, 213 шақырым жөндеу жұмыстары қалғанын айтты.Қыркүйектің соңына дейін бірнеше жол құрылыс жұмыстары мен жол өткелдерін ретке келтіру, аялдама мен бағдаршам орнату, көшені таңбалау жұмыстары аяқталады.
Ал, Қонаев көшесінің Түркістан көшесінен арықарайғы жалғасы да салынып, 1 кезеңі желтоқсан айында толық аяқталады. Сондай-ақ, Мақсұт Исахов аялдамалардың орнатылу барысын, веложолақтардың салынуы мен велостанциялардың орналасуы мен пайдаланылуын, қалаға кіре беріс Шымкент-Ташкент өткеліндегі жөндеу жұмыстарының барысын таныстырды.

Tags: 3 мегаполисжолайрықмақсұт исаховшымкент
Previous Post

Праймериз-2020 : Алғашқы дебаттар сәтті өтті

Next Post

Шымкент: Қала әкімі күн электр станциясының құрылысы барысымен танысты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі