basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: Қала әкімі күн электр станциясының құрылысы барысымен танысты

Қыркүйек 15, 2020
in Билік
0
Шымкент: Қала әкімі күн электр станциясының құрылысы барысымен танысты
0
SHARES
31
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала маңынан салынып жатқан күн электр станциясына барып,  қуаттылығы 20 МВат болатын нысанның құрылысымен танысты. Электр энергиясын өндіретін нысанның құрылысын әкімдік пен «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ-ның  қолдауымен ресейлік инвесторлар «Хевел» компаниясы жүзеге асырып жатыр. 50 гектар жерге салынып жатқан жобаның құны  6,2 млрд теңгені құрайды.  Мамандардың айтуынша, мұнда 49 мыңнан астам күн модульдерінен тұрады екен.  Жылына 38 млн тг/кВт*сағ энергия өндіріледі деп күтілуде. Яғни, станция өндірген электр энергиясын 10 мың үй тұтына алады.

Жобада тиімділігі жоғары гетероқұрылымды екі жақты күн модульдері қолданылып жатыр. Өз кезегінде бұл электр энергиясын өндіруді 20% – ға арттыруға мүмкіндік береді.

Жоспар бойынша күн электр станиясының құрылысы биыл қазан айында аяқталуы тиіс. Атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысқан Мұрат Әйтенов станция жұмысына жергілікті кадрларды тартып, отандық өнімдерді пайдалану қажеттігін айтты.

Айта кетейік, «Хевел» компаниялар тобы 2009 жылы құрылған және Ресейдегі күн энергетикасы саласындағы ең ірі интеграцияланған компания болып табылады. Еліміздегі жобаны іске асыру құқығы берілген  «Hevel Kazakhstan (Хевел Казахстан)» ЖШС-і осы «Хевел» МК еншілес компаниясы.

Tags: 3 мегаполискүн электр станциясыМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент: Қонаев даңғылы - Рысқұлов көшесінің қиылысында жолайрық салынады

Next Post

Шымкент: Қала әкімі спорт нысандарын аралады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі