basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: «Еңбек» бағдарламасы аясында 20 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған

Қыркүйек 15, 2020
in Билік
0
Шымкент: «Еңбек» бағдарламасы аясында 20 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында биылғы 8 ай ішінде «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 20 471 адам жұмыспен қамтылды. Бағдарламаның бірінші бағыты — инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған. Шымкентте осы бағыт бойынша 3 196 азаматты тегін кәсіби оқуға жолдау жоспарланған. Бүгінде нақты 2 000 адам қысқа мерзімге кәсіптік оқытуға жолданса, 1 196 адам техникалық және кәсіби білімі бар кадрлар даярлауға жіберіліп отыр. Жоспар 100 процентке орындалған.

Екінші бағыт — кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға арналған. Осы бағыт бойынша 6819 тұрғынға қолдау көрсетіледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда іс жүзінде 4 204 адам қамтылған. Оның ішінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жоспар бойынша 1 850 адамды жолдануы тиіс еді. Дегенмен бүгінде  2 820 адам оқуға жолданып, жоспар артығымен орындалып отыр. Ал, 40 адамға шағын несие берілген. 1 361 азамат мемлекеттік грант иегері атанған.

Үшінші бағытта – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту көзделген. Осы бағытқа жыл бойына 22 790 адам қатысады деп жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 16 740 адамға жұмыспен қамту бойынша көмек көрсетілді.

Атап айтқанда, 5 755 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан болса, 313 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған. 2 099 адам жастар практикасына, 4 494 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған. «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 4 079 адам жұмысқа орналастырылған.

Tags: 3 мегаполис«Еңбек» бағдарламасыкәсіпкерлікшымкент
Previous Post

Шымкент: Ақпараттық киоскілер 1200-ден аса туристке қызмет көрсеткен

Next Post

Шымкент: Коронавирусқа қарсы медициналық ұйымдардың оқу-жаттығуы өтті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі