basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент: Коронавирусқа қарсы медициналық ұйымдардың оқу-жаттығуы өтті

Қыркүйек 15, 2020
in Uncategorized
0
Шымкент: Коронавирусқа қарсы медициналық ұйымдардың оқу-жаттығуы өтті
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында COVID-19 және вирустық пневмонияның ықтимал өршуіне медициналық ұйымдардың дайындығын анықтау бойынша оқу-жаттығу өтті.  Ондағы мақсат – қаланың барлық медициналық ұйымдарын коронавирустық инфекциямен күреске дайындығын барынша пысықтау.

Іс-шараға инфекциялық және провизорлық стационарлармен қатар меншік нысанына қарамастан барлық БСМК (бастапқы медициналық санитарлық көмек)  ұйымдары қатысты.  Оқу-жаттығу жұмыстарына  36 БМСК ұйым, 9 диагностикалық орталық, 7 ПТР зертханасы жұмылдырылды. Онда  науқастың  шақыртуының  «103» пультіне  түскен сәтінен  бастап, тиісті белгілері болған жағдайда  стационарға жатқызуға  дейінгі  бағытының  алгоритіміне баса назар аударылды.

Сондай-ақ, жаттығу кезінде жедел медициналық көмек  шақыртудың  4 санаты бойынша дәрігерлердің іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Медицина қызметкеріне науқастардың жай-күйінің ауырлығын анықтау, коронавирустық инфекция кезінде сақтану шаралары бойынша бағалау жүргізіліп, провизорлық стационарға тасымалдау жолдары көрсетілді.

Сонымен қатар, оқу-жаттығу барысында емханалардың жанынан құрылған мобильді топтардың іс-әрекеттері де түсіндірілді. Олардың қажет болған жағдайда пациентті компьютерлік томографияны тексеруге жіберу, ПТР талдауды алу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, алдағы уақытта мұндай оқу-жаттығулар тұрақты түрде  өткізілетін болады.

 

Tags: 3 мегаполисCovid-19Мұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент: «Еңбек» бағдарламасы аясында 20 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған

Next Post

Шымкент: Қала әкімі жылыту маусымына дайындық барысымен танысты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі