basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Әл-Фараби ауданында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру барысы талқыланды

Қазан 20, 2020
in Қоғам
0
Әл-Фараби ауданында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру барысы талқыланды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – жергілікті әкімдіктердің алдындағы аса маңызды міндет. Шымкент қаласына қарасты аудан әкімдіктері тұрғындармен кері байланысты нығайтып, азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштеріне дер кезінде үн қатуы тиіс. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың 9 айда атқарылған жұмыстар жөніндегі есебін тыңдаған шаһар басшысы тұрғындар көтерген мәселелерге немқұрайлы қарау әлі де кездесетінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру туралы тапсырма берген болатын. Яғни, жергілікті билік тұрғындармен тығыз жұмыс жасап, халықтың күнделікті өмірінде орын алған өзекті мәселелерді шешуге етене араласуы қажет»,  деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімінің айтуынша, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратына 103 өтініш түскен. Оның ішінде Президент Әкімшілігі арқылы 7 өтініш жолданған.

Шаһар басшысы аудан әкімінің аппараты кейде тұрғындардың өтініштеріне тиісті деңгейде назар аудармайтынын атап өтті. Бұдан бөлек, аудан әкімінің аппараты азаматтармен етене жұмыс істеп, тұрғындар арасында заң талаптарын түсіндіру бағытындағы жұмысты күшейте түсуі қажеттігін жеткізді.

 

Tags: Мұрат Әйтенов
Previous Post

Шымкент: «Төлем» электронды төлемақы жүйесі іске қосылды

Next Post

Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданын аралады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі