basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданын аралады

Қазан 20, 2020
in Жаңалықтар
0
Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданын аралады
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданын аралап, ондағы қордаланған мәселелермен танысты.

Атап айтқанда, дендросаябақ аумағындағы қараусыз қалған балалар темір жол станциясына барды. Ондағы жағдаймен танысқан шаһар басшысы нысанды халық игілігіне берудің жолдарын қарастыруды тапсырды.

Мұнан кейін аудан аумағындағы каналдарды аралап көрді. Ақбастау каналы арнасының 535 метр аумағын бетондаса, сол маңайда тұратын тұрғындар егіншілікті қолға алатындарын айтуда. Мұрат Әйтенов аталған жұмыстарға бюджеттен қаржы бөлуді қарастыру қажеттігін айтты.

Одан өзге, Текесу тұрғын алабындағы мәселелермен танысты. Тұрғын алап тұрғындары биыл сапалы ауызсумен қамтамасыз етілетін болды. Қала әкімімен жолыққан тұрғындар мектеп салып беру жөніндегі өз өтініштерін де жеткізді. Өтініш негізінде қала басшысы жауапты басқарма басшыларына балабақша мен мектеп жобасын дайындауды жүктеді.

Ал,   Сәуле шағын ауданындағы  276 орамды инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен жүргізуле. Орамды  электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, демеушілер тарапынан 25 бағана, 2 шақырым сымдар және құаттылығы 160 кВт көтеретін трансформатор орнатылған. Бүгінгі күнге 150-ге жуық жеке тұрғын үй электр қуатымен қамтамасыз етілуде. Одан бөлек, жоғарыда аталған аумақты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, демеушілер тарапынан 350 метрге жуық су құбырының қазба жұмыстары жүргізіліп, ауыз су жүйесі тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілген.

Қала басшысы өзінің жіті бақылауына алған шалғайда оналасқан 195 орамға да барды.  Мұнда «Омега Строй» ЖШС тарапынан 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді. Ауыз су және табиғи газбен қамту мәселесі жыл соңына дейін шешімін табатын болды.

Tags: шымкент
Previous Post

Әл-Фараби ауданында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру барысы талқыланды

Next Post

Шымкентте 28 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі