basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте құтқарушылар күніне орай 31 дана өрт сөндіру техникасы табысталды

Қазан 20, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкентте құтқарушылар күніне орай 31 дана өрт сөндіру техникасы табысталды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында ҚР Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай  қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына арналған көліктердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Онда құтқарушыларға кәсіби мерекелері қарсаңында 31 дана заманауи арнайы өрт сөндіру техникасы берілді.

Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов,  Беларусь Республикасының «Пожснаб»  ЖШҚ директоры Олег Дерябин, қалалық мәслихат депутаттары мен Төтенше жағдайлар департаментінің  жеке құрамы қатысты.

Іс-шарада сөз алған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өз құттықтауын жеткізді.

–   Сын сағаттарда ерлік көрсетіп, көмекке  бірінші келуге дайын болу үлкен құрметке лайық. Бұл жауапты да, қиын мамандықты игеру кез келген адамның қолынан келе бермейтін, шыдамдылықты қажет ететін аса маңызды іс. Шымкенттік құтқарушылар тәулік бойы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тынымсыз еңбек етуде. Әкімшілік-іскерлік орталықта 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешенінің құрылысы жүргізіліп отыр.  Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Сонымен қатар, шаһар басшысы биыл 9 айда қала аумағында өрттің саны 10,8 процент, адамдардың өртте қайтыс болу жайты 20 процентке төмендеп отырғанын тілге тиек етіп құтқарушыларға өз алғысын білдірді. Сондай-ақ, Шымкентте улы және табиғи газдан уланудан қайтыс болғандардың саны 16 процентке, материалдық шығындар 3,6 процентке төмендеген.

Мерекелік шара барысында Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай қызметін мінсіз орындағаны үшін 10-ға тарта қызметкер қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Tags: 3 мегаполис
Previous Post

Шымкентте 4 мектептің құрылысы аяқталды

Next Post

Шымкенттің тарихи-мәдени ескерткіштері 2GIS картасына енгізілмек

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі