basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкенттің тарихи-мәдени ескерткіштері 2GIS картасына енгізілмек

Қазан 20, 2020
in Мәдениет
0
Шымкенттің тарихи-мәдени ескерткіштері 2GIS картасына енгізілмек
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттің тарихи-мәдени ескерткіштері, археологиялық кешендері көпшілікке одан әрі оңтайлы, қолжетімді бола түспек.

Шымкентте «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты»  КЕАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова, Шымкент қаласы туризм басқармасының басшысы Олжас Шынтаев, «2GIS-Shymkent» ЖШС директоры Нұржан Омаров, Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева БАҚ өкілдеріне атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларынан хабардар етті.

Бүгінде елімізде киелі тарихи орындарды нақтылау «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында іске асырылуда. Жоба шеңберінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізіліп, осы объектілердің инфрақұрылымын дамыту бойынша және QR-кодтар орналастыру жұмыстары қолға алынды. Бүгінгі меморандум Шымкенттің туристік әлеуетін одан әрі дамытуға зор серпін бермек.

– Атқарылған жұмыстар нәтижесінде сакралдық және тарихи объектілерге деген қызығушылық артуда. Бүгінгі меморандумның мақсаты да осы – тарихи-мәдени нысандарды халыққа танымал ету, қолжетімділікті арттыру. Жалпы Шымкент қаласында 10-нан астам нысан картаға енгізіледі. Жылдың соңына қарай біз осы бағытта атқарылған жұмыстарды қорытындылаймыз, – деді Жанар Қалиханқызы.

Брифингте «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова мен «2GIS-Shymkent» ЖШС директоры Нұржан Омаров ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Жалпы, Шымкент қаласында 7 нысан республикалық, 8 нысан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Tags: 2GIS3 мегаполис«Рухани жаңғыруМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте құтқарушылар күніне орай 31 дана өрт сөндіру техникасы табысталды

Next Post

Шымкент қаласын көгалдандырудың концепциясы жасалады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі