basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент: Кардиохирургтар алғаш рет жүрек қақпақшасын алмастыру отасын жабық түрде жасады

Қазан 26, 2020
in Uncategorized
0
Шымкент: Кардиохирургтар алғаш рет жүрек қақпақшасын алмастыру отасын жабық түрде жасады
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте алғаш рет кардиохирургтар жабық түрде жүрегінде ахауы бар науқастың  қақпақшасын хирургиялық жолмен ауыстырып берді. Пышақсыз жасалатын отаға жергілікті ақ халаттыларға Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығынан білікті мамандар көмекке келді.

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының интервенционды кардиология және радиология бөлімінің меңгерушісі Алимбаев Серік және катетерлеу зертханасының меңгерушісі Мусаев Абдурашиттің қатысуымен 82 жастағы қарт кісінің жүрегіне жабық түрде операция жасалды. Ота кезінде мамандар науқастың аяқ күре тамырына жеткізуші құрылғы арқылы еніп, жүрек қақпашасын хирургиялық жолмен алмастырып берді.

«Ота түрі – аорта қақпақшасын транскатетерлі имплантациялау деп аталады. Операция жұмыс істейтін жүрекке жасалды. Яғни, өкпені жасанды желдетусіз істелді. Сондықтан біз отаның негізгі бөлігі – қақпақшаны алмастыру уақытын 20 секундта жасап бітірдік. Шымкенттік дәрігерлердің мүмкіндігі зор. Кардио орталықта науқастар мен  мамандарға қажетті жағдай жасалған» –  дейді Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының интервенционды кардиология және радиология бөлімінің меңгерушісі Серік Алимбаев .

Операция жасалған 82 жастағы науқасқа «аорта қақпақшасының стенозы»  диагнозы қойылған. Әдетте кардиологтар егде жастағыларға жүрегіне ота жасауға кеңес бермейді. Дегенмен бұл жолы білікті мамандар тәуекелге барып,  қарт кісінің жүрек қақпақшасын алмастырып берді. Дәрігерлер ота сәтті және тіліксіз өткендіктен, науқас  екі-үш күн аралығында оңалады дейді.

Бұл тәжірибе алмасу отасы нәтижесінде жергілікті медицина мамандары жүрек қақпақшасына жабық түрде ота жасауды өз бетінше атқара алатынын айтады.

Айта кетейік, мұндай операцияның түрі медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде елдің әрбір азаматына ақысыз түрде көрсетіледі.

Tags: 3 мегаполисАлимбаев Серіккардио хирургияМусаев Абдурашитшымкент
Previous Post

Next Post

Шымкентте «Worldskills Shymkent - 2020» қалалық чемпионаты басталды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі