Шымкент қаласында мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қалада 25 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Биыл 7 білім ошағында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Алдағы жылы 5 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ дайындау үшін қаржы қаралған.
Сонымен қатар, қазіргі таңда 4 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары толығымен орындалды. Қалған 2 мекеменің құрылысын желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда.
Қалада жалпы 9 мемлекеттік балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу қажет. Келесі жылы 3 балабақшаның құрылыс жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.
Сондай-ақ, биыл «Жол-көлік» колледжінің жатақханасы, үш тілде оқытатын мамандандырылған №1 мектеп-интернатының жатақханасы, «№3 Балалар эстетикалық саз мектебі» ғимараты күрделі жөндеуден өтті.
Қаланың демографиялық өсіміне байланысты жыл сайын мектеп оқушыларының саны 12 мыңнан астам балаға артып отырады. Апатты мектептер санының артуының алдын алу мақсатында жыл сайын мектеп ғимараттарының техникалық жағдайына талдау жүргізіліп, нәтижесі бойынша күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда.