Күзгі әскерге шақыру науқанының жоспарына сәйкес,«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөліміне Нұр-сұлтан қаласынан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан жас буын командалары келді.
Осы күзде Шымкенттің әскери бөлімін 94-ке жуық әскерге шақырылушы толықтырады. Бөлімде келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің лауазымдарының көптігі, мерзімді қызметтегі сарбаздардың аз болуының бір себебі.
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жас буынның әскери бөліміне келгеннен кейін оларды екі апталық карантинге оқшаулай отырып, ПТР-зерттеу әдісімен COVID-19-ға зертханалық тестілеу жүргізіледі. Карантин кезінде сарбаздарды медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізіледі.
Тестілеу нәтижелерін алғаннан кейін және карантин аяқталғаннан кейін сарбаздар жас жауынгердің курсын бастайды, онда олар екі апта ішінде алғашқы әскери дайындық бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіріп, жалпы әскери дайындықтың негізгі пәндерін оқиды. Олармен саптық, дене шынықтыру, әскери-медициналық дайындық, жалпы әскери жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар өткізіледі.
Бөлімге келгеннен кейін сарбаздарға бөлімнің басшылық құрамымен таныстырады, оларға қызмет өткеретін әскери бөлімнің құрылу тарихы туралы айтып берді.
Жас толымның келуі қарсаңында әскери бөлімде барлық жағдайлар жасалды. Бөлімнің тәжірибелі офицерлері мен сержанттар кірген екі апталық жиын басқарамасы, сарбаздарға жаңа жағдайларға бейімделуіне көмектесіп, әскери істің негіздерін үйретеді.
Әскери бөлімнің басшылығымен сарбаздардың келуіне алдын ала дайындық іс-шаралары өткізілді. Казармалық үй-жайларға косметикалық жөндеу жүргізілді, медициналық пункттің қорлары қажетті медициналық құрылғылармен және жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және дезинфекциялау құралдарымен толықтырылды. Арнайы психологиялық жеңілдету және демалу бөлмелері жасалды, онда тәжірибелі психологтар әскерге шақырылушыларға әскери қызмет жағдайларына бейімделуге көмектеседі.
Лауазымды адамдардың жеке жауапкершілігінің моральдық-психологиялық жай-күйіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы мерзімді қызметін өтейтін әскери қызметшілерге ұялы байланысын жақындарымен келіссөздер жүргізу үшін пайдалану жөнінде шешім қабылдады.
Әскерге шақырылушыларды салтанатты ант беру ағымдағы жылдың 22 қарашасына жоспарланған.