basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: Еңбекші ауданының әкімі 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді

Қазан 28, 2020
in Билік
0
Шымкент: Еңбекші ауданының әкімі 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновке  9 айдың қорытындысы бойынша  Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов есеп берді.

Есепті кездесуге қала әкімінің орынбасары мен басқарма басшылары қатысты.  Аудан әкімі өз баяндамасында мемлекттік бағдарламалардың орындалу барысы мен атқарылған жұмыстары жөнінде мәлімдеді.

Қала әкімі Еңбекші ауданын аралау барысында көрген кемшіліктер бойынша аудан әкімінің жұмысын сынға алды. Мәселен, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда кейбір салада төмен көрсеткіштер бар екені айтылды. Атап айтқанда, қысқы жылыту маусымына дайындық өз деңгейінде емес. Қатты отынды пайдаланатын 1632 жеке тұрғын үйге 5068 тонна көмір қажеттілігі бар. Аудан әкімдігі тарапынан тек 4800 тонна жеткізілген.

– Тұрғындар қалың қар түскен кезде қиналып жүрмеуі үшін, бүгін дайындықты толығымен атқару керек. Әрбір үйге жылудың қосылғанын жеке тексеріп шығу қажет. Күзгі жауын-шашынға ирригациялық арықтар да толық тазаланбаған. Сонымен қатар, мына індет баршаны санитарлық тазалыққа үйретіп жатыр. Ал ауданды араласаң тек орталық жерлер ғана тазаланып, қалған шалғай мекендерде әр жерде қоқыс шашылып жатқаны көзге шалынады. Коммуналдық жұмыстар нашар деңгейде жүргізіліп жатыр, -деді қала әкімі.

Кемшіліктердің мерзімінде орындалмағанын айтқан Мұрат Әйтенов аудан әкіміне сөгіс беру жөнінде шешім қабылдады.

Tags: 3 мегаполисМұрат ӘйтеновшымкентҒалымжан Ильясов
Previous Post

Шымкенттік ұстаз «Абай оқулары» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

Next Post

Шымкентте «Қазығұрт» мәдениет үйі қайта жанданады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі